Қазақстандық жұлдыздар Алматыдағы атыста қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

Сейсенбі, 19 Шілде , 2016 12:28

Қазақстандық жұлдыздар Алматыдағы қайғылы оқиғаларға байланысты қала халқы мен қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Шілденің 18-і күні Алматының бірнеше ауданында белгісіз адамдар тобы полицияға шабуыл жасады. Қақтығыс кезінде үш бірдей тәртіп сақшысы көз жұмып, бірқатар полицейлер ауыр жарақат алды. Жапа шегушілердің қатарында бейбіт тұрғындар да бар.

Теракті кезінде қаза болғандар – Полиция капитаны, ІІД әкімшілік полиция басқармасы қызметкері Бауыржан Мәлікұлы Нұрмаханбетов;  полиция кіші сержанты, ІІД жергілікті полиция қызметінің полк полицейі Мақсат Қолғанатұлы Сәлімбаев; полиция старшинасы, Алматы қалалық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 2-ші батальонының полицейі Аян Ерболғанұлы Ғалиев.

Қаралы хабарды естіген қазақстандық жұлдыздар Алматы тұрғындары мен қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты. Олар қабырғалары қайыса қиналып отырғандарын жеткізді.

2

Мейрамбек Беспаев: Алла жар болсын! Сондай өкінішті. Ару Алматым қара жамылып көз жасын төкті. Көктеміңнің келгенін күтемін!

18

Алтынай Жорабаева: Алматым қара жамылды. Алла бүгін пендесінің азғындығы үшін ескерту жасағандай болды. Жаңғақтың көлеміндей бұршақ жаудырды. Жаратқан қаласа тау жаудыра алады. Алла жауыздардың жазасын берсін! Сол жауыздардың қолынан қаза тапқан бауырларымыздың жандары жәнатта болсын! Жақындарына қабырғамыз қайысып, көңіл айтамыз. Алла бейбіт өмірден айырмасын!

1

Кенжебек Жанәбілов: Жандарыңыз жәннатта болсын! Отбасыларыңызға сабыр берсін Алла!

3

Сәкен Майғазиев: Я, Раббым! Қаһарыңнан қорқып, мейіріміңнен үміт етеміз. Қазақ елін панаңа ала көр. Жандарыңыз жәнаттың төрінде шалқысын, қазақтың батырлары. Қазадан қара жамылған жанұяларға жүрегім сыздап, қайғырып көңіл айтамын.

4

Қайрат Нұртас:

Ертегілер елінің бірі сынды
Көркемім ең күні – нұр, түні сырлы.
Ару қалам – Алматы, бүгін сенің,
Қару атып бұзған кім тынышыңды?

Ғашық едім бау-бақша, бөктеріңе,
Гүл аңқыған көк орай көктеміңе.
Қан қақсатқан қапыда бейбіт елді,
Қарақшылар саған да жеткені ме?

Айуан ба, аң ба әлде, бұл кім екен,
Адамзаттың сорына туды ма екен?
Ауызына жауыздың сүт бергенін,
Ол азғынның анасы білді ме екен?

Сақшылары тәртіптің, ел қорғаны,
Ерліктерің ешкімнен кем болмады.
Сын сағатта қиылды халық үшін,
Аманат қып Алланың берген жаны.

Арттарыңда аңырап ана қалды,
Жесір боп жар, жетім боп бала қалды.
Қай бетімен Алладан сауап күтті ол,
Мойынына жүктеп ап бар обалды?

Қарау ойлы, сұм ниет сұрқияны,
Сарбаздарым, сендерсіз кім тыяды?
Аулақ жүрсін елімнен, жылатқандар,
Брюссельді, Франция, Түркияны.

Тату ғұмыр кешіріп нар қазағым,
Басымызға тумасын даңғаза күн.
Ал осындай жауыздар жәннат емес
Жәһаннамның табады мәңгі.

5

Төреғали Төреәлі: Өмір қанша қатал болса да, жүрегіміз ғажапқа сенеді! Сен түнеруге тиісті емессің, Алматы!  Күн күркіреп, аспан түнеріп, дала тым-тырыс (барлық жер жабық, көшелерінде адам жоқ)! Дәл қазіргі сәт, Алматы! Осы уақытта у-шу болып, тіршілігі қайнап жататын Алматым бүгін қара жамылды!

Құдай өзі сездіргендей, айдың-күннің аманында қақшиып қайнап тұрған күніміз әп-сәтте ала бұлтқа айналып, түнеріп шыға келді! Құдайдың құдіреті дерсіз! Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырды  көп көретіндер әлі де бар екен! Адамзаттың пейілі тарылып, ниеті қарайған сайын, елінің берекесі кететін көрінеді. Көрінбейді, дәл солай!

Жазықсыз жер жастанғандардың отбасыларына көңіл айтамыз! Қайғысына ортақпыз! Қуанышын көріп жүрген Алматымның, көз жасын көру мен үшін ауыр болып тұр! Қасиетіңді білмегендер, қасіретіңді сезінер деймісің! Сен мықты бол, Алматы!  Талайлар түлеп ұшқан, бағалы ордам өзіңсің! Мен Алматымен біргемін! Қазақ елінен тыныштық кетпесін! Сыйласып қана өтейікші адамдар!  Ешкімді жамандыққа қимаймын! Ешкім де, ештеңе де мәңгі емес, Әз Алматым!

6

Абай Бегей:  Туған-туыстарына, отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз. Жандары жәнатта болсын! Абай болыңыздар, алматылықтар!

7

Ділназ Ахмадиева: Иманды болсын!

8

Айнұр Тұрсынбаева: Ешқашан күн сөнбесін! Аспаннан бұлт төнбесін! Тыныштығымызға көз тиді-ау. Перзенттерін жоқтап Алматым қара жамылып тұр. Ия, Раббым, халқымызды бейбітшіліктің бесігінде тербете гөр!

9

Тамара Асар: Жыбырлаған тіршілік иесінің бәрі “тыныштықты” қалайды. Бейбіт таңмен оянайық!

11

Алмас Кішкенбаев: Жаратқаным, еліме тыныштық берші. Жамандықтан сақташы. Қаза болғандардың отбасына сабырлы болыңыздар дегім келеді. Алматы, не болып барамыз?

12

Бүркіт: Бауырларым мен қандастарым иманды болсын! Ер жүрек батырларымызсыңдар сендер!

13

Нұржан Керменбаев: Қызыл деңгей алынды деп смс-хат келіп жатыр. Алла жар болсын!

14

Мақпал Исабекова: Қаза тапқан жандардың жанұяларымен көңіліміз ортақ. Иманды болсын! Әлем жынданған шығар…

15

Жазира Байырбекова: Алматылықтар, “Қала іші тыныш па, жұмыстарымызға бара берейік пе?” деп отырған жандарға қайырлы таң болсын! Қаза тапқан жігіттердің жаны жәннәтта болсын! Туған-туыстарына, отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз!

0

Жанар Айжанова: Қызықтап көремін деп қате болып жүрмесін, ағайын. Бала-шағаларымызды үйден шығармай, қайда жүрсе де хабарласып отырайық. Террористермен жанпида болып арпалысып жатқан қорғаушыларымызға отбасыларымен аман қауышуды Алла нәсіп етсін.

Сіздер үшін де, елдің амандығы үшін де тілек тілейміз. Арандатушылар жазаларын алсын. Анасын баласынан, баласын әкесін айырдыңдар-ау. Қайғыларыңа ортақпыз. Артынан қайырын берсін. Елімізді бейбітшіліктен айыра көрме, Жаратқан. Елі үшін жанын қиған ерлер есте сақталады.

19

Айгүл Иманбаева: Алла сабыр бере көр. Елімізде тек тыныштық болсын!

16

Мәдина Сәдуақасова: Жандары жәнатта болсын!

10

Айдана Меденова: Сөзім жоқ…

17

Лидо: !!!

1

Кенжебек Жанәбілов: Жандарыңыз жәнатта болсын! Отбасыларыңа сабыр берсін Алла.

21

Гүлнәз Жоланова: Нөсерлі, бұлтты, жаңбырлы күннен кейін күн шығары бәрімізге аян. Бірлігімізді жоғалтпай бірігейік.. Жақсылыққа сенейік, қазағым!


Жіберіп алмаңыздар:

Қазақстандық жұлдыздар продюсер Әбдрайымовтың жаңа мейрамханасына айттап барды

Қазақстандық жұлдыздар: Кімнің жасы үлкен?

Қазақстандық жұлдыздар қандай көлік мінеді

Қазақстандық жұлдыздар өздерінің енелері туралы айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар