Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар продюсер Әбдрайымовтың жаңа мейрамханасына айттап барды

Продюсер Ерғали Әбдрайымов Астананың төрінен мейрамхана ашты. Аталған мейрамхананың ашылу салтанатына барша қазақстандық жұлдыздар қатысып, артынша айттап барды.

13551665_154553688281751_423363047_n

Фото: instagram.com/zhanbolatzhazira/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Жігіттер” тобының продюсері Ерғали Әбдрайымов пен Есіл мырза бірігіп мейрамхана ашқан-ды. Аталған мейрамхананың ашылу салтанаты айт мерекесіне тура келген. Осыған орай, Жазира Байырбекова, Алтынай Жорабаева,

Индира Расылхан, Ұлықпан Жолдасов, Айған Жолдасова, Гүлзира Айдарбекова, Ақбота Керімбекова, Гүлнұр Оразымбетова, Жұлдызай Дүйсенбиева, Роза Рымбаева, Мөлдір Әуелбекова сынды танымал жұлдыздар продюсерді құттықтап барды.

13573459_1001748939893944_1287865248_n

“Бүгін “Жігіттер” продюсерлік орталығының басшысы Ерғали Әбдрайымов Астананың төрінен ашқан “Бақсарай” мейрамханасынан дәм тату бұйырды. Айттап келдік. Алла разы болсын, Ереке! Береке берсін!” – дейді Алтынай Жорабаева.

Продюсердің өзге достары да құттықтап, табыс тіледі.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық жұлдыздар: Кімнің жасы үлкен?

Қазақстандық жұлдыздар қандай көлік мінеді

Қазақстандық жұлдыздар арасында жаңа сән: Prisma суреттер

Қазақстандық жұлдыздар өздерінің енелері туралы айтып берді

Талқылау