Қайратқа өлең арнаған бүлдіршінді жұрт әншінің өзіне ұқсатты (фото)

Сейсенбі, 30 Тамыз , 2016 7:51

Желі қолданушылары Қайрат Нұртасқа еліктеп жүрген бүлдіршінді оның өзіне ұқсатты. Олар сырт келбеттеріндегі ұқсастықтарды тілге тиек етіп, оны Қайраттың “3х4 суретіне” балады.

image

Фото: instagram.com/tamyrlan_talant/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Тыңдармандардың бірі сыйлықты сүйіспеншілігін білдіру үшін, енді екіншілері өзіне жарнама жасау мақсатында жолдайды. Әдетте олар жұлдыздарға жұмсақ ойыншық, ерекше суреті бар футболка, кілем сыйлап жатады. Бұл жолы Қайрат Нұртастың кішкене тыңдарманы бәрінен ерекшеленді. Ол өзінің кумиріне өлең жолдарын арнады.

Бұл өлең шұмақтарын оқыған желі қолданушылары да, әншінің анасы да бүлдіршіннің талантына тәнті болды. Тіпті анасы Тамырлан мен Қайрат Нұртастың бірге түскен суретін инстаграмда бөлісті.

“Қайрат ағам елді ауызына қаратқан,
Әнші жігіт, қолдау алған тараптан.
Белбеуіңді беріп едің сыйлыққа,
Беделіңді берсін енді Жаратқан!” – дейді Тамырлан.

Бүлдіршін осы күнге дейін теледидарға шықпаса да, Төреғали Төреәлі, Лұқпан Жолдасов, Асхат Тарғын, Заман тобының жігіттері сынды әншілермен жүздесіп, ағаларынан тәжірибе жинап үлгерген екен. Бұдан өзге:

“Қайрат ағам таңды әнмен атырады,
Ыстық оған Атырау топырағы.
Мен секілді телміріп телефонға,
Бір кірсе ұзақ шықпай отырады”, – дейді Тамырлан.

“Балапанның мына өлең шұмақтарына риза болдым”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.  Желі қолданушылары да өз кезектерінде жылы лебіздерін жеткізді. Тамырланның Қайрат Нұртасқа қатты ұқсайтынын айтты. Арасында оны ұлы деп болжағандар да болды.

“Гүлзира ханым, балақайдың өлең жолдары күшті екен. Қайроштың беделі ешқашан түспесін. Жаратқан Алла қолдасын деп тілеймін. Қайраттың әндерін сүйіп тыңдайтын тыңдарманымын. Мен сияқты қаншама адам оған тілек-дұғаларын қарша боратып жатыр”, “Қайратқа ұқсайды екен. Балаңыз емес пе?”, “Атыраудағы концертінде белбеуін алған бала ғой бұл”, “Қатты ұқсайды бір-біріне”, “Қайраттың жолын беріп, халқына еркелеп жүре берсін”, “Өте қатты ұқсайды. Аман жүрсін өздері”, “Балапан сондай сүйкімді. Қайрат ағасынан аумайды”, “Ұқсайды екен өзі. Құдды 3х4 суретіндей”, “Өзінен аумайды. Алла жар болсын. Сүйкімді екен. Бақытты бол, балапан” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың бейнебаянына түскен жігіт Айсұлу Әзімбаеваға сезімін білдірді

Меруерт Түсіпбаева: Қайрат Нұртас киімін тегін берсе де кимеймін (видео)

Қайрат Нұртас пиджагын көрерменге сыйлады (видео)

Қайрат Нұртас: Назарбаевтан қолтаңба алғым келеді

Тыңдармандары Қайрат ерекше құттықтаған сұлу бойжеткеннің кім екенін біле алмай әлек (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар