Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас пиджагын көрерменге сыйлады (Видео)

Қостанай қаласында өткен концертте Қайрат Нұртас үстіндегі пиджагын шешіп, көрерменге лақтырды. Оның видеосы ғаламторда қызу талқылануда.

NLnfi

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Еліміздегі ең танымал әншілердің бірі Қайрат Нұртас осылайша бір тыңдарманын бақытқа бөледі. Алайда оның кім екені белгісіз. Видеодан Қайраттың киіміне бірнеше адамның таласып қалғандығын көруге болады.

Инстаграм желісінің қолданушылары әдеттегідей бұл сәтті де қалт жібермеді. Оқырмандардың кейбірі әншіні бұл қылығы үшін сынға алса, екіншілері олармен ұрысып, Қайратты жақтады. Қысқасы, Қайраттың парақшасында тыңдармандар арасында сөз тартысы жүріп жатыр.

«Қайрат алтын! Саған ешкім жетпейді он туылса да! Сен қазақтың бағысың! Сен мінсізсің! Не істесең де жарасады саған! Сен Алланың берген сыйысың! Сен үлгісің! Баға жетпейтін қазақтың қазынасысың», – деген Ардақ есімді желі қолданушысы Нұртастың Қайратын өте жоғары бағаласа, Інжу есімді ару: «Атақты спортшылар өздерінің бір киімін немесе белбеуін осылай халыққа лақтырады ғой.. Фанаттарына…Еш әбестігі жоқ», – деп әншінің қылығын құптады.

«Негативті пікір» жазудың шеберлері мұнда да “өз қолтаңбаларын” қалдырды.

«Ұялмай ма? Оның киімі кімге керек? Жиіркенішті», – дейді Дана есімді көрермен. Дананың Шынар есімді жақтасы табылды. Ол: «Ужас. Неге бұлай өз абыройыңды түсіресің? Сені білдей бетке ұстар әнші деп жүрсек», – деп жазған.

#KN 30 мың ХАЛЫКТЫҢ АЛДЫНДА🙏✊🇰🇿✊

Видео опубликовано Кайрат Нуртас (@kair_n)


Жіберіп алмаңыз: 

Анасы Қайрат Нұртас үшін төбелесуге дейін барғанын еске алды (видео)

Қайрат Нұртас: Назарбаевтан қолтаңба алғым келеді

Дәулет Бижанов студияда Қайрат Нұртас пен Ғазизханға ән салуды “үйретті” (видео)

Қайрат Нұртас романтикалық комедия түсіріп жатыр

Талқылау