Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдармандары Қайрат ерекше құттықтаған сұлу бойжеткеннің кім екенін біле алмай әлек (видео)

Қайрат Нұртас бүгін жап-жас бойжеткенді туған күнімен ерекше құттықтады. Жұрт оның кім екенін біле алмай әлек болып жатыр.

новый коллаж

Фото: instagram.com/kair_n/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қайрат Нұртастың Шымкент қаласының шипажайларынан басталған демалысы Көкшетауға ұласты. Ол Оқжетпестің төбесінде тұрып барша қазақ еліне сәлем жолдады. Мұнымен қатар, квадрокоптер иемденгенін айтып мақтанып алды.

Бірақ жұртты бәрінен бұрын Қайрат ерекше құттықтаған бойжеткен қызықтырды. Дәл бүгін Дәмелі Беркінбай есімді ару 16 жасқа толған екен. Бірақ оның кім екені белгісіз. Себебі желіге енді ғана тіркелгені байқалады. Ал әнші өз кезегінде оған арнап “Бүгін сенің туған күнің” атты әнді шырқап, өз атынан тілек айтты.

“Дәмиляжан, туған күнің құтты болсын! Ата-анаңа ұзақ ғұмыр тілеймін. Биіктен көріне бер. Қайрат Нұртас ағаңнан сәлем”, – дейді Қайрат Нұртас.

“Дәмелі деген кім?”, “Қайрош, мені де туған күніммен осылай құттықташы, өтінемін. Бірақ менікі қаңтарда өтіп кеткен. Сонда Дәмелі деген кім болды?”, “Иә, сол маған да қызық болып тұр. Анау-мынау емес, Қайрат Нұртастың өзі құттықтап жатыр” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың бейнебаянына түскен жігіт Айсұлу Әзімбаеваға сезімін білдірді

Меруерт Түсіпбаева: Қайрат Нұртас киімін тегін берсе де кимеймін (видео)

Қайрат Нұртас пиджагын көрерменге сыйлады (видео)

Қайрат Нұртас: Назарбаевтан қолтаңба алғым келеді

Талқылау