Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фонограммамен және жанды дауыста ән салатын жұлдыздар дауы

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева фонограммамен ән салатын әншілерді қатал сынға алды. Оның айтуынша, дайын жазбаны қосып қойып, аузын жыбырлататындар «әнші» деген атқа лайық емес.

новый коллаж

«Нағыз әншілер бар ғой бізде. Қаншама бізде керемет дауысты, кәсіби білімі бар әншілер жетерлік. Қанша халықаралық конкурстарды жеңіп алған, керемет әншілер осы күндері сыртта қалып жатады да, фонограммамен секіретін әншілер барлық тойларда асыр салып, дуылдатып жүреді. Және олардың орындап жүрген әндерін музыка деп санауға болмайды», – деді Рымбаева «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында.

Кезінде «Кім кінәлі?» әнімен танылған «Бақай» тобының әншісі Бек Шәріп те Роза Рымбаеваның пікіріне қосылды.

«Әнші көбейіп кеткен заман болды ғой бұл. Кім болса сол фонограмма жазып алып, айтып жүре беретін болды», – деді ол.

thumbnail_8afdf8eef9d680b5f52fb8c1c4f23f38

Ал әнші Индира Расылхан жанды дауыста ән айту үшін алдымен аппаратқа қарайтынын мәлімдеді.

«Шамам келіп жатса жанды дауыста ән салуға тырысамын», – дейтін әнші көбінесе зал акустикасының оған мүмкіндік бермейтінін айтып, ақталды. Бұл орайда Бек Шәріп аппарат қандай күйде болмасын, жанды дауыста ән айтуға болатынын жеткізді.

«Қазіргі аппараттар шүкір жақсы. Баяғы аппараттар сияқты емес. Сондықтан аппаратты сылтауратқан әнші әнші емес деп ойлаймын», – деді ол.

Ал Роза Рымбаева фонограммамен ән салатындарды “білімсіздер” деп атады.

«Олар дегеніңіз жалпы музыкаға қатысы жоқ адамдар. Ешқандай білімі жоқ адамдар осы күні фонограмманың арқасында жұлдыз болып жүр… Ендеше музыкалық білім беретін колледж, консерваторияларды жабайық. Жан-жақтан хит әндерді орындайтын «самапал», көркем өнерпаздан шыққан әншілерді тыңдайық, жұлдыз қылайық. Сонымен халқымыздың мәдениетін көтерудің орнына төмен түсірейік», – деді әбден ашынған халық әртісі.

Есесіне фонограммамен ән салатын жұлдыздарды сынаған Бек Шәріпті Индира Расылхан, композитор Ұлықпан Жолдасов қатты сөкті. Жолдасов: «Самапал» әншілердің қатарына Бек Шәріптің өзі кіріп кетіп жүрмесін», – десе, Расылхан:

«Бірінші әр әнші өзін дәлелдеп алсын. Халықтың алдында қоятынын қойып алсын. Одан кейін ғана басқаларға айтуына болады. Мен «Бақай» тобын жақсы білемін. Кезінде жақсы әндерін тыңдағанмын. Дегенмен де ол топтың жанды дауыста ән айтқанын естімеппін», – дейді.

Бек Шәріптің өзі «Бақай» тобы тек қана тірі дауыста ән салады деп 100%-ға кепілдік беріп отыр.

Алматыдағы мейрамхана иелерінің бірі Мөлдір Мамырбаева болса бүгінгі таңда екі мейрамхананың бірінде заманауи, тірідей ән салуға мүмкіндік беретін қымбат техникалардың бар екендігін айтуда.

«Мәселен, мына техниканы шетелден 37 мың долларға алғанбыз. 8 киловатты. Мұны кәсіби музыканттар талдап, бізге таңдап берген. Біз жұлдыздарға үлкен жағдай жасап жатырмыз. Соған қарамастан, тойханаға келген жұлдыздардың 90%-ы фонограмманы таңдайды», – дейді тойхана иесі.

fUj28ORjZXU

Ал Роза Рымбаева бұл проблеманы шешу үшін бір ғана амал бар екендігін кесіп айтты.

«Ондай әншілерді той иелері шақырмасын. Тек жанды дауыста ән айтатындарды шақырсын», – деді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Төреғали мен Ерке фонограммамен ән айтып ұятқа қалған (видео)

Отандық әншілердің фонограммаға көзқарасы қандай

Шоу бизнестегі жұлдыздар келіндік міндеттерін қалай атқарып жүр (фото, видео)

Қазақстандық жұлдыздар әлеуметтік желі арқылы қанша қаражат табады?

Талқылау