Қазақстандық жұлдыздар әлеуметтік желі арқылы қанша қаражат табады?

Жұма, 19 Тамыз , 2016 22:05

Бүгінде шоу-бизнесте неғұрлым танымал болсаң, соншалықты саған деген сұраныстың артатыны сөзсіз. Егер сіздің  даңқыңыз әлеуметтік желіде де асқақтап тұрса, тіптен жақсы.

99

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Әлеуметтік желі арқылы қанша қаржы табуға болады?

Актриса Гүлшарат Жұбаева бір жылдан астам уақыт бойы өз кәсібін дөңгелетіп келеді. Ұзатылатын қыздардың жасауын тігіп, 8 адамды жұмыспен қамтамасыз еткен кәсіпкер. Танымал болсаң, араласатын ортаң да, саған деген қызығушылық та артады дейді. Бұл кәсібіңді  одан әрі дамытуға өз септігін тигізетін көрінеді. Өнер иесі киноға түсіп қана қоймай, бірнеше кәсіпті қатар алып жүрген жан. Жақында тіпті жылжымалы асхана желісін де қолға алыпты.

– “Жылжымалы тамақтандыру желісі, алдын-ала бір күн 40-45 адамға тапсырыс беріледі. Бірінші, екінші тамағын, салатын, алып барамыз”, – дейді актриса Гүлшарат Жұбаева.

Актриса бастаған әрбір ісіне аса жауапкершілікпен қарайды екен. Себебі, танымалдылықтың артар жүгі ауыр дейді.

Бүгінде “Алло” әнімен сұранысқа ие болып талай кештердің көркін келтіріп жүрген ерке әнші Ерке Есмаханға танымалдығы үшін құны 2,5 миллион теңгеге дейін тұратын қымбат сыйлықтарды жиі  сыйлайды екен. Ал, Еркенің өзі болса, сыйлықтарын мақтанып инстаграм парақшасына жарнама ретінде салатын көрінеді.

– “Ақтөбеге барғанда үлкен дүкен құндыз теріден ішік сыйлады”, – дейді Ерке Есмахан.

Еліміздің хас сұлуы атанған Айдай Исаеваны жарнама берушілердің өздері іздеп келетін болған. Аптасына 5, 6 бірдей ұсыныс түседі екен. Алайда, Қазақстан аруы бәрін бірдей қабылдай бермейтін аса талғампаз болып шықты.

– “Брендік киімдер бар ғой сол киімдерге ғана өзімнің келісісімді беремін. Ұсыныстар өте көп,  кірпік жабыстырамыз дейді,макияж, ағылшын курсы осыларға келісімдерімді бермеймін, – дейді “Қазақстан аруы-2013” Айдай Исаева.

Көбінесе Айдайға түрлі стильдегі көйлектерді жарнамалау ұнайды екен. Қуана-қуана келісімін беретін көрінеді.

– “Бір сағаттық фотоссесия 500 доллар аламын. Ал киімдерімді бартер ретінде қабылдаймын. Мысалы, 300 долларға соның құнындай көйлектер береді”, – дейді “Қазақстан аруы-2013” Айдай Исаева.

Соңғы уақытта әншілер тек бір ғана инстаграм желісі арқылы қалталарын қампайтып жүргендері бар. Шоу-бизнестегі танымал жұлдыздар жарнама үшін 100 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін алатын көрінеді.

Жіберіп алмаңыз:

Отандық шоу-бизнесте басы дауға қалған жұлдыздар (фото)

Басы дауға қалған қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары

Қазақстандық жұлдыздар арасында жаңа сән: Prisma суреттер

Қазақстандық жұлдыздар өздерінің енелері туралы айтып берді

Тест: Қазақстандық жұлдыздарды күлкісінен тани аласыз ба

Қазақстандық жұлдыздардың ерекше хоббилері (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар