Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық шоу-бизнесте басы дауға қалған жұлдыздар (фото)

Шоу-бизнесте даңқ пен дақпырттың салқыны тиіп, басы дауға қалған танымал жұлдыздар жетерлік. Солардың бірегейін еске түсіріп көрелік.

новый-коллаж111

Көрнекі сурет

Осыдан бірнеше жыл бұрын спортшы жігітпен жұдырықтасқан әнші Бейбіт Қорған бар.

beibit1

Ал Қайрат Түнтеков жол апатын жасап, соның салдарынан бірталай шығынға батқан болатын.

68eemIVttjk

Ал, 2014 жылдың жаз айында “Дауыс International” тобының экс мүшесі Жадыра Құтпанова өзіне көпшіліктің назарын аударды. Ол көлікті ішімдікке тойып алып жүргізген. Тіпті, бойжеткен полиция қызметкерінің бірінің қолын тістеп, енді бірінің шалбарын жыртқан.

z_69c0d7eb

Жақында ел ішіндегі әңгімеге айналған өнер жұлдыздарының қатарына әнші Төреғали Төреәлі де  қосылды. Шымкент қаласында кілем фабрикасында бір тілшінің жасаған ескертуі шамына қатты тисе керек, Төреғали сұхбат беруден бас тартады. Әншінің бұл әрекетін естіген әріптестерінің бірі оны қолдап жатса, енді бірі сынға алып жатты.

qpc6TDahe0w

– “Біз бір робот сияқтымыз. Жүрегіміз жоқ, ойланбайтын,  қиналмайтын, жағдайымыз жоқ  адамдар сияқтымыз да,  мұңсыз, қайғысыз,  әр адамның көңіл-күйі болады”, – деп күйінеді Қыдырәлі Болманов.

pDU98qMnolE

Сахнада 40 жылдан астам уақыт өнер көрсеткен Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова бүгінгі жас өнер иелері сынды ерке мінезімізді сыртқа шығарып көрмеппіз дейді. Тіпті, танымал екенін әнші  енді ғана сезініп жүргенін жеткізді.

– “Өзіміздің атақты екенімізді енді сезініп жатырмыз. СКЛ Астанадан қатты білінеді. Алматыда тұрғанан кейін күнде көріп жүрген сияқты. Ал, Астанада сыртыңнан жүгіріп келеді, сыртыңнан келіп құшақтайды”, – дейді әнші Майра Ілияосва.

e0de501f2fb840e2fb9f226fcc2816cb

Бір кездері атынан ат үркетін «Бауыржан – шоу» әзіл-сықақ театрының белді актрисасы Бақыт Әліпбаева жиі дау-дамай шығарып, «жұлдыз» атанып басына қонған бағын бағаламайтындарды еш түсіне алмайды екен.

– “Бізде ондай көкірек көтеру, тіпті жұлдыз болғанды да шынында айтсақ сезінген де жоқпыз”, – дейді «Бауыржан-шоу» сықақ театрының актрисасы Бақыт Әліпбаева.

54c77f6b88f1a

Әнші Меруерт Түсіпбаева өнер жолында қазіргідей деңгейге жету үшін біраз қиындық көргенін де жасырмайды.

– “Не киіп шығамын деп жүретінбіз. Қалтамызда ақшамыз жоқ болатын”, – дейді Меруерт Түсіпбаева.

Шоу-бизнеске сәтті жобаларымен өзгеріс енгізген продюсер Қыдырәлі Болманов та өзін тым қарапайым ұстайтын болып шықты. 20 жылдан бері шаш үлгісін тек бір ғана шаштаразға жасататынын айтады.

Елдің сүйіспеншілігі мен сұранысына ие болып жүрген шоу-бизнес өкілдері  үшін қасықтап жинаған абыройын шелектеп төгу оңай. Алайда, кейін өзіне адал атын қайтаруы әлдеқайда қиын екені жасырын емес.

Жіберіп алмаңыз:

Басы дауға қалған қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары

Қазақстандық жұлдыздар арасында жаңа сән: Prisma суреттер

Қазақстандық жұлдыздар өздерінің енелері туралы айтып берді

Тест: Қазақстандық жұлдыздарды күлкісінен тани аласыз ба

Қазақстандық жұлдыздардың ерекше хоббилері (фото, видео)

 
Талқылау