Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздардың ерекше хоббилері (фото, видео)

Қазақстандық жұлдыздар халықты күн сайын түрлі жаңалығымен қуантып, кейде мұңайтып отырады. Үнемі жұрттың назарында жүреді. Десе де, жұлдыздардың сіз бен біз білмейтін ерекше қырлары бар екен. Бірі сурет салуға құмар болса, енді бірі көгершін асырайтын көрінеді. Олай болса, қай жұлдыздың қандай сүйікті ісі барын анықтап көрейік.

12357499_154661824890170_1785037133_n

Фото: instagram.com/ainur_ilyasova/?hl=ru

Жуырда тұрмысқа шыққан Айнұр Ілиясова әртүрлі жанрдағы деректі фильмдер көргенді ұнатады. Мұнымен қатар, бойжеткен ұлттық мергендер ассоцияциасына тіркелген. Ол тирде жақсы қару болса, міндетті түрде оқ атып, өзіне ұнаған ойыншықты алғысы келетіндігін айтады.

Асылхан Төлепов

Жуырда халық қалаулысына айналып, бүгінде депутат болып жүрген Асылхан Төлепов бос уақытында ән айтады. Мұнымен қатар, такэквандо спортын жетік меңгерген екен. Қолы қалт етсе, жаттығу залына барып, жаңа соғыс тәсілдерін үйренуге құмар.

3

Фото: instagram.com/tenis_den/?hl=ru

Денис Тен

Күні кеше мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен өзі шығарған әнді гитарамен орындап жұртты таң қалдырған болатын. Алайда бұл спортшының жанкүйерлері білмейтін жалғыз қыры емес. Ол бос уақытында қолына фотоаппаратын алып түрлі тақырыпта фотосессия ұйымдастырғанды жақсы көреді екен.

“Суретке түсіргенді немесе музыкамен айналысқанды неге ұнататынымды өзім де түсінбеймін. Мұның барлығы бос уақытта өзімізді алдаусырататын дүниелер ғана. Алайда арада кішігірім теңсіздік туындайды – бос уақыт аз, ал айналысқың келетін іс көп”, – дейді спортшы.

8

Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva/?hl=ru

Дәлназ Ахмадиева

Әншінің хоббиі өзгелердікінен ерекше. Ол барлық бос уақытында боулинг пен бильярдқа барып, түрлі жарысқа қатысқанды ұнатады екен.

5

4

Фото: instagram.com/asselsagatova/?hl=ru

Әсел Сағатова

Актриса жастайынан бимен айналысқан. Бүгінде ол кәсіби бишілермен пара-пар билейді. Мұнымен қатар, актриса бос уақытында сурет салатын болып шықты. Әдетте туындыларын белгілі бір адамға арнайды екен. Мысалы, жолбарыстардың суретін салып, оны сәбиіне тарту еткен. Әсел көбірек сурет салуға уақыт жетпейтіндігін айтады.

“Би билегенді жақсы көремін. Бірақ мектепте арнайы үйірмеге қатыссам да, бұл салада жетістікке жете алмадым. Себебі менде мұндай мақсат болған жоқ. Алайда бұл биден ләззат алуыма кедергі жасамайды ғой. Ол қанат бітіріп, ерекше күш-қуат сыйлайды”, – дейді Әсел Сағатова.

7

Фото: instagram.com/makosyai/

Мақпал Исабекова

Халық Мақпал Исабекованың бірнеше тілде ән сала алатынын біледі. Тіпті фильмге түсіп, өзінің актерлік қырын байқатты. Алайда әншінің халық білмейтін тағы да бір қыры бар екен. Ол – домбыра тарту. Мақпал Исабекова екі жыл бойы домбыра сыныбында білім алған. Әнші сахнаға домбырамен шықпауының себебін нотаға қарап күй тарта алмайтындығымен түсіндіреді. Тек  естігенін ғана тартады екен.

1

Фото: instagram.com/sanda_singer/

Санда

Өзіндік тыңдармандарын қалыптастырып үлгерген Санда мектеп кезінен сурет салғанды ұнатады екен. Есейе келе бұл сүйікті ісіне көп уақыт бөлмей кеткенін мойындайды. Десе де, жуырда қолға алып, арнайы үйірмеге жазылған.

“Мектеп қабырғасында оқып жүріп портреттер салғаным есімде. Осы хоббиімнің арқасында жүрегім тынышталып, жаным рахатқа бөленетін. Ал дәл қазір сурет салумен кәсіби деңгейде айналысуды жөн көрдім. Кейде түсімде сөзбен сипаттап бере алмайтын жерлер мен заттарды көремін. Оларды шынайы өмірде бірде-бір рет көрген емеспін. Міне соларды салып көргім келеді”, – дейді Санда.

image

Фото: instagram.com/dika_strai/

Динара Бақтыбаева

Аз уақыт ішінде халықтың жүрегін жаулап, режиссерлердің көңілінен шыққан Динара Бақтыбаева өзіне жаңа хобби тапқан. Ол да Санда секілді арнайы сурет үйірмесіне жазылған екен. Бұрын-соңды аса қызығушылығы болмаса да, өзінің бірінші салған туындысы көңілінен шыққанын айтады.

“Өз көзіме өзім сене алар емеспін. Бірінші сабақтың өзінде мынадай керемет дүние салдым. Мен де мүмкін емес деп ойлаушы едім. Алайда қолымыздан барлығы келеді екен! Суретші-сәнгер Зәуренің рөлін бекер сомдамаған екенмін ғой! Енді шынайы өмірде де суретші атанатын болдым”, – дейді Динара Бақтыбаева. Актриса аз уақыт ішінде бірнеше картина салып үлгерген. 

Мейрамбек Беспаев

Қазақстандық әнші Мейрамбек Беспаевтың хоббиі барлығынан ерекше болып шықты. Ол күнделікті кептер өсіреді екен. Халық сүйіктісі гастрөлдік сапарларға шыққанда көгершіндерін қатты сағынатынын айтады. Әдетте достары аң аулап, құс атуға шақырған кезде ұсыныстан бас тартады екен..

6

Фото: instagram.com/bibigul_aktan_s/

Бибігүл Ақтан

Сүйіктісімен айырылысқан Бибігүл Ақтан барлық бос уақытын жылқылармен бірге өткізеді. Өзінің сүйікті жануарына Сагуар деп ат қойған. Бибігүл атжарыстарға жиі барып, жылқы жануарымен селфи жасағанды ұнататын болып шықты. Алайда бұл хобби түрімен ол жастайынан айналыспаған. Түсірілім кезінде қажет болғандықтан, атқа мінуді үйренген.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық жұлдыздар халықты Рамазан айының басталуымен құттықтады (фото, видео)

Қазақстандағы көпбалалы жұлдыздар

Қазақстандық жұлдыздар балаларымен мектепке барып, мерекемен құттықтады (фото)

Қазақстандық жұлдыздар туған сіңлілеріне қаншалықты ұқсайды?

Талқылау