Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Тен гитарамен өзі шығарған әнді орындап жанкүйерлерін таң қалдырды (видео)

Қазақстандық спортшы Денис Тен гитараның сүйемелдеуімен ән орындап, жанкүйерлерін таң қалдырды.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жастайынан мәнерлеп сырғанау спортымен айналысып келе жатқан Денис Теннің кәсіби деңгейде ән айта білетенін көпшілік білмейді. Мұнымен қатар, спортшы бос уақытында фотоаппаратын арқалап, айналасындағының бәрін суретке түсіргенді ұнатады екен.

“Жалғыз демалысымда ән шығарып, оның демо нұсқасын орындауды жөн көрдім. Ештеңке етпейді, спортшылардың да логикасы қарапайым адамдардыкіндей”, – дейді Денис Тен.

Спортшының сабырлы мінезіне қайран қалатын жанкүйерлері оның бұл өнеріне тәнті болды. Олар тіпті әннің бір күн ішінде хитке айналып үлгергендігін айтқан. Мұнымен қатар, алдағы уақытта альбом мен бейнебаян күтетіндерін жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Денис Тен Кореядағы “жұлдызды шоуда” өнер көрсетті (видео)

Денис Тен: Мен кәріс ұлтынан шыққан қазақпын!

Денис Тен жарақатына байланысты Төрт құрлық чемпионатына қатыспайтын болды

Денис Тенге арнап жанкүйері жасаған туынды Жапония мұражайына қойылмақ

Талқылау