Қазақстандық жұлдыздар балаларымен мектепке барып, мерекемен құттықтады (фото)

Сәрсенбі, 25 Мамыр , 2016 15:37

Қазақстандық жұлдыздар балаларымен бірге мектепке барып, ұстаздар мен түлектерді соңғы қоңырау мерекесімен құттықтады. Ал Айгүл Иманбаева баласының шетелге оқуға түскенін айтып, сүйінші сұрады.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бүгін барша түлектер мен ұстаздар үшін айтулы күн. Бірі алтын ұясының табалдырығын соңғы рет аттаса, енді бірі оқу жылының табысты аяқталғанына қуанған-ды. Олардың осы қуаныштарын қазақстандық жұлдыздар да бөлісіп отыр.

2006 жылы мектеп бітірген Аша Матай барлық түлекті құттықтап, сыныптастарына сәлем жолдады.

“Мектеп бітіргеніме бүгін 10 жыл. Лепсідегі, Үшаралдағы, Атыраудағы, Алматыдағы сыныптастарымды құттықтаймын! Биік шыңдарды бағындыра берейік, аман болайық!” – деп Аша Матай деген сағынышын жеткізді.

13256808_103138893441175_554563262_n

Ал, Айгүл Иманбаева ұлы Асылжанды жуырда шетелге шығарып салмақ. Баласы Прагадағы ЖОО-лардың біріне оқуға түскен екен.

“Балапаным, бүгінгі соңғы қоңырауың, мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан күнің құтты болсын! Жолың ашық болсын! Мен бойтұмарым Прага қаласындағы Famu кино академиясына “кино режиссер” мамандығы бойынша оқуға түсті. Ақ жол, балам!” – деп Айгүл Иманбаева барша түлекті құттықтады.

13260963_548185412021820_1057739091_n

13267577_1648964088659330_822357949_n

0

Мақпал ханым түлектерді құттықтап қана қоймай, әр ұстазға құшақ-құшақ гүл сыйлаған.

“Ұстаздарға алғыс айтуға келіп қалдық. Барлық ұстазға бас иеміз. Өмірлеріңіз ұзақ болсын, шәкірттеріңіз еңбектеріңізді ақтай берсін”, – деп Мерей қызының сынып жетекшісімен бірге түскен суретін инстаграм парақшасына жүктеген.

13249856_1644897589064259_1704825591_n

Ұлын шетелге оқуға жібермей қойған Жазира Байырбекова да ұстаздар мен оқушыларды айтулы мерекесімен құттықтады.

“Құрметті ұстаздар, оқушылар, түлектер! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын. Берген білімдеріңіз еңбектеріңізді ақтасын. Ал алған білімдеріңіз тек бақытқа жетелесін”, – дейді Жазира Байырбекова.

13188000_707548499348592_1276088285_n

Мұрат Мұтырғановтың 11 айлық ұлы қоңырау сыңғырын естімесе де, цирк студиясындағы сабақтардың қалай өтетінін алғаш рет тамашалаған.

Бұдан өзге де қазақстандық жұлдыздар балаларымен соңғы қоңырауға ілесіп барып, ұстаздар мен түлектерді мерекесімен құттықтап қайтқан.


Оқи отырыңыз:

Эстрада жұлдыздары “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” мерекесіне қатысты ойларымен бөлісті

Валентин күнімен құттықтаған Айқынды тыңдармандары жек көріп кеткен

Жұлдыздар 8 наурызда сүйіктілерінен қандай сыйлық алды (фото)

Қазақстандық жұлдыздар даяшыға шай-пұл бере ме

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар