Жұлдыздар 8 наурызда сүйіктілерінен қандай сыйлық алды (фото)

Сәрсенбі, 9 Наурыз , 2016 15:17

Отандық жұлдыздар өздерінің инстаграмдағы парақшасында 8 наурыз мерекесінде алған сыйлықтарының суретін салып, бір мақтанып алды. Арасында қуанышымен бөлісіп, жігіттерге қандай сыйлық таңдау керектігін астарлап жеткізгендер де бар.

дщог

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Халықаралық әйелдер күні мейрамында нәзік жандылардың ерекше тосын сый күтетіні анық. Бірі сүйіктісі тарту еткен гүл шоғын қанағат тұтса, енді бірі қасына әтір қоса салса қайтеді екен деп ренжиді. Бұл пікірді жұлдыздар да қостайды.

айнур

айнура

“Кімге қандай гүл алды, кімге не сыйлады екен деп аңдыған жұрт. Әуелі тек инстаграмға салу үшін гүл сатып алып жатқандар да бар. Күйеулеріне ренжіп жүргендер қаншама. Біреулер бір тал гүлге жете алмай жатыр. Бір жақтан келген гүлді екінші жаққа апарып, “оборотқа” салып жіберген пысықтар да бар. Тек гүл алғандар қасына бір духи қоса салса өле ма деп бұрқылдап жүр” деп айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева мерекенің қалай өтіп жатқанын бір шолып өтті. Талай темір тұлпарды иеленген ақын өзіне сыйланған гүлдерді көрсетті.

фц

дз

ол

нр

Keshyou тобының қыздарын Алау тобының жігіттері гүлмен қуантып қана қоймай, мерекелік мол дастархан жайған екен.

ог

Әріптестері сүйіктісінің берген сыйлығымен мақтанып жатқанда, Мәдина Сәдуақасова неге екені белгісіз жұбайы берген сыйлықты көрсетпеді. Тек GOLD картасына ие болғанын айтып, оның керемет мүмкіндіктері туралы жазды.

дщог

ыу

дщ

еп

ка

Қарақат Әбілдинаны жары ғана емес, төрт ұлы құттықтап  тосын сый әзірлеген. Мұнымен қатар, отандық дизайнерлердің бірі тосын әзірлеген екен.

укав

Соңғы кезде сүйіктісінің кім екенін айтпаса да, оның бар екенін білдіріп жүрген Ділназ Ахмадиева да ғашығының тарту еткен гүлді көрсетті.

огн

айша

айшажан

Айшаны сүйіктісі Бүркіт қана емес, тыңдармандары да құттықтады. Бірі алқа сыйға тартса, енді бірі жас аналарға арналған жиынтық сыйлады.

айдана

Keshyou тобының экс солисі Айдана Меденованы сүйіктісі ғана емес, ағасы да құттықтады. Оған өзі жақсы көретіндей жеміс-жидектер тарту етті.

нрп

ву

Жігітінен көңілі қатты қалған Әсел Сәдуақасова қазірдің өзінде ешкіммен көңіл қоспаған сыңайлы. Жұлдыз өзін әріптестері ғана құттықтағаны туралы жазды.

дщшло

жх

Мансабын отбасының бақытына айырбастаған актриса Әсем Жакетаеваны сүйіктісі көп гүлмен қуантқан көрінеді.

пека

еак

Ал Лидо buro24/7.kz жобасының өзіне ерекше сый жасағанын айтып, оны оқырмандарына бағалауға кеңес берді.

рна

Салтанат Бақаеваға әріптесі Нұржан Керменбаев сөмке сыйлады.

 Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін қазақ эстрада жұлдыздарының жұптарын қалай қызғанатынын айтқаны туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар