Қазақстандық жұлдыздар даяшыға шай-пұл бере ме

Бейсенбі, 5 Мамыр , 2016 15:40

Жуырда ғана Джим Керридің 151 долларға мейрамханада тамақтанып, кетерінде даяшыға 225 доллар шай-пұл ұстатып кеткені көпшіліктің аузында жүрді. Алайда бұл дәмханадан бір шыны аяқ кофе ішіп, ақысын 10 есе асырып төлеген әріптесі Джонни Дептің жанында түк емес. Ал қазақстандық жұлдыздардың дәл осындай мәрттік танытқан кездері болған ба?

a90cd84f6f14202e65ff7f33b90baeaa_big

Мұны “Ревю” бағдарламасының тілшілері анықтап көрді.

Әнші Айжан Нұрмағанбетова өзіне қызмет көрсеткен жанға шай-пұл бермек түгілі, тамағының ақысын да төлемейтін болып шықты.

“Әйел ретінде ешуақытта мейрамханаға жалғыз барған емеспін. Міндетті түрде жора-жолдастарыммен, сүйіктіммен барамын. Ал азаматым әдетте шай-пұлға ақша қалдырады”, – дейді Нұрмағамбетова.

Қалталы жұлдыздар қатарына кіретін Сиви Махмұди де қомақты шай-пұл қалдырмайды екен. “Даяшыларға үнемі жаным ашып тұрады. Әдетте ары кетсе 2 000 теңге қалдырамын. Одан көп қалдыратындай тегін дүние жоқ қой”, – дейді әнші.

Шай-пұлға келгенде сараңдық танытатын жандардың бірі – журналист Асхат Садырбай. Десе де арасында мәрттік танытатын кездері болатынын айтады. Ол Бейбіт Қошқалиев екеуінің басынан өткен бір оқиғаны баяндады. “Мейрамханалардың бірінде отырсақ, жасы үлкен кісі даяшы болып жүр екен. Қанша екені нақты есімде жоқ. 800-1000 теңгедей беріп кеттік. Әдетте мұндай жерлерде жастардың қызмет ететініне үйреніп қалғанбыз ғой. Осылайша ол кісіге сый жасағымыз келді”, – дейді журналист.

Ал қазақтың ең сұлу бойжеткендерінің бірі Айдай Исаеваның шай-пұл қалдыруы даяшының өзіне байланысты болса керек. Бойжеткенге қызмет көрсеткендерге бір сәт болсын мүлгуге болмайды. Кешігіп жеткізілген шайдың өзі жүйкесін жұқартады екен. Әдетте мұндай жағдайда көк тиын да қалдырмайтынын айтады.

“Егер шот 15 мың теңге болса, ары кетсе 2 мың теңге қалдырамыз. Даяшы шынымен құлшынып, қайта-қайта бірнәрсе әкеліп, не керегін сұрап жатса, оған көбірек беруге тырысамын. Ал егер қызметі көңілімнен шықпаса, мүлдем бермей қоюға бармын”, – дейді Исаева.

Отанымызда даяшыға шай-пұлға көп ақша беріп қуантқан оқиға тіркелмесе де, шетелде мұндай жағдай жиі болып тұрады. Мысалы, Швеция мейрамханаларының бірінде даяшы Джозефина Джастинге мейманы жылы қабақ танытқаны үшін Porsche көлігін сыйлаған. Бұл қымбат тұлпарды жұмбақ жан оған шай-пұл есебінде қалдырған.


Оқи отырыңыз:

Қазақстандық жұлдыздар балаларын қалай тәрбиелейді

Қазақстандық жұлдыздар жер саудасына қарсылық білдірді (видео)

Махаббаттың жасқа қарамайтынын дәлелдеген қазақстандық жұлдыздар (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар