Эстрада жұлдыздары Мәдинамен қалай танысқандарын айтып берді (фото, видео)

Сейсенбі, 11 Қазан , 2016 13:08

Мәдина Сәдуақасова сахнада жүргеніне 20 жыл толуына орай алғашқы концертін өткізбек. Осы орайда әншінің өнердегі достары желіде эстафета бастап, онымен алғаш қалай танысқандары туралы айтып берді.

14590912_1167271036699893_6796106346518282240_n

Ләйлә Сұлтанқызы Мәдина Сәдуақасовамен 1999 жылы танысқанын айтты. Мәдинаның орындауындағы «Қазақ елі» әнін ерекше ұнатқан Сұлтанқызы әншіні радиоға сұхбатқа шақырған. Қазақша-орысшаны араластыра сөйлеген Мәдинаның бұл қылығын ұнатпаған Ләйлә эфир барысында әншіден тек қазақ тілінде жауап беруін сұраған.

#Repost @sultankyzy with @repostapp ・・・ @toylanin Аслан, архивты ақтарттың ғой😬😃 Біз 1999 жылы таныстық, мына видеода радиоға сұxбатқа шақырған кез айтылып жатыр. “Қазақ елі”деген әні ерекше ұнайтын… -Қайран менің,қасиетті қазағыыыым, на-на-на-на… Осы концертте орындашы деп өтінген едім, сценарийға қаншалықты сәйкес келер екен? Көреміз. Концерт 20-сы осы айдың,Алматыдағы Республика сарайында өтеді. Эфир 29-на, @kaztrk_kz 🌺 Міне, уақыттың жылдам екеніне тағы бір мысал…17 жыл …балалықтан ересек өмірге аяқ бастық,қиындығымен қоса, қуанышы да молынан болды👯👭👧🏽👱🏽‍♀️ Танысқан кезді еске алатын эстафетаны @kopbassarova @ardakbalazhanova жалғастырса😉😉😉

Видео опубликовано Ⓜ️адина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Әнші Ардақ Балажанова да Сәдуқасовамен дәл осы жылы танысқанын айтты. Қос әнші бір жылдай уақыт бір бөлмеде тұрған екен.

#Repost @ardakbalazhanova with @repostapp ・・・ @sadvakasovamadina Менің алғашқы таныстығым 1999жылы Астана қаласында!!!Мадикош екеуміз бір бөлмеде, бір жылға жетер жетпес бірге тұрдық!!!Менің болашақ жарым Маратайға әдемі көріну үшін🙈🙈🙈Мадикошым шашымды қиюға кеңес беріп👧белден келетін🙍🏽қолаң шашымды😇😂желкеден кестіріп шаштараздан бірақ шығарды!!!Имидж өзгертудің көкесі болды!Мен мәзбін😊😂😂😂Сөйтіп көп ұзамай мені ұзатып жіберді күйеуге👰🏻Мәкемен шаңырақ көтеруімізге ☺️Мадикош тілекші болды!!!Досым ау сені жанымдай жақсы көремін!!!Жүрегі жұмысақ❤️Ақ көңіл адал жан Мадинам!!!Он жеті жылды артқа тастаптық!!!Сенің әр қуанышыңа тілекшімін!!!🙏🙏🙏20-шыҚазанда өтетін 20-жылдық есеп беру,шоу концертіңе арнайы Астанадан келемін бұйыртса!!!Құтты болсын!!!👏👏👏🙏🙏😘😘😘😘😊😊😊😊бұл эстафетаны @shakhadat_ @elmira_ahmed тапсырамын!!!!

Фото опубликовано Ⓜ️адина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Әділ Лиянды Мәдина Сәдуақасовамен Ләйлә Сұлтанқызы таныстырған болып шықты. Танысу хикаясын өз жазбасынан оқығандарыңыз жөн болар.

#Repost @adil_liyan with @repostapp ・・・ Эстафетаны @issaazamat қабылдадым. #Талдықорған қаласында тұрып жүрген кезімде, үйде ақ-қара ғана қылып көрсететін теледидар болатын. Қазақстан арнасынан @kaztrk_kz “Музыкальный вояж” бағдарламасын тамашалап отырған сәтімде, @sadvakasovamadina алғаш көруім…Жас…Арманшыл… Көп жылдар өткеннен кейін, XitTv арнасының креативті продюсері ретінде, тағы кездестірдім)) Ол кезде “Маxаббат жалыны” әніне түсірілген бейнебаянын алып келген еді. Әпкем @sultankyzy бізді таныстырды, бірге түскі ас ішуге бардық, міне енді жыл сайын бір-бірімізді туған күнімізбен құттықтап, араласып келеміз. Әрине, Мадинаның 20 қазанда #Алматы қаласында өтетін жеке шығармашылық кешіне бармай қоймаймын. Ал әзірше, қуанышты жақындатқанымыз болсын деп, ертең @revuenews бағдарламасына қонаққа шақырдық!

Фото опубликовано Ⓜ️адина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Сол сияқты «Кеш you» тобының солисі Балжан Бидаш, «Асыл» тобының әншісі Ақерке Бүркітбай және т.б. шоу-бизнес өкілдері Сәдуақасовамен қалай танысқандарын әңгімеледі.

#Repost @bidashkaa with @repostapp ・・・ Эстафетаны @akerkeburkitbay кабыл алдым! Біріншіден Мадина әпке, жеке концертіңізбен құттықтай отыра сізге әрқашан осылай талмай жүруіңізге денсаулық пен шабыт тілеймін! Біздің ең алғашқы таныстығымыз Қызылордада өткен К.Дүйсекеев ағамыздың шығармашылық кешінде қазылар алқасында болған кезінде еді! Жерлесім болғандықтан Мадина әпкені сыр өңірінің мақтанышы ретінде жаныма жақын тартып, көргенде туғанымды көргендей боламын! Көрген кезінде шын көңілмен жағдай сұрап, жаңалығыңмен бөлісіп қалады. Осыған қарап оның жан дүниесінің кеңділігін сезесің! Кішкентайымда нәзік дауысына жазылған әндерін жаттап, саxнадағы образына еліктеп өстік. Әрқашан xалықтың еркесі болып жүре беріңіз! Қазақ эстрадасында ерекше орыныңыз айқын! Отбасылық бақыт тілейміз! 😘😘😘 эстафетаны жолдаймын @impresario_kz @altynai_tulembetova @atamas_makeup

Фото опубликовано Ⓜ️адина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

#Repost @akerkeburkitbay with @repostapp ・・・ @toylanin бастаған эстафетаны @marzhansadu қабыл алдым 🙋🏻 Мадина ханым қазақ сахнасындағы өзіндік стилі бар, нәзіктік пен қылықтылықтың символы іспеттес! 😍Мен Мадина ханымның әндерін мектеп кезімнен сүйіп тыңдайтынмын, бейнебаяндарында теледидардан таңқала да тамсана қарайтынмын. Әрдайым сахна төрінде әдемі көйлектерімен , өзіне тән және өте жарасымды сахнадағы образдарымен өзіне әр көрерменді баурай білетін👸🏻) Біздің таныстығымыз арнайы болмаса да, мен үшін өте есте қаларлықтай болды) 2013 жыл, Асыл тобына енді келген кезім) Республика сарайында өткен үлкен концерттердің бірі еді. Концертке дайындық жүріп жатыр, әншілер өз кезегін күтіп жүр. Бізді Мадина ханыммен бір гримеркаға бөліпті. Сол бөлмеде өз кезегімізді күтіп отырған кезімізде керемет көңіл күймен, жаздай жайнап Мадина ханым келді) Шыны керек мен қатты таңқалдым және орнымнан тұрып “Сәлеметсіз бе?” дедім. Ғалия мен Анар біздің топқа жаңадан келген қыз, есімі Ақерке деп таныстырды )) мен болсам қобалжығаннан аузыма сөз түспей қойды)) Сол кезде Мадина жылы қабақпен танысып, бізбен көңілді әңгімелесіп, концертке шығу кезегіміздің қалай келіп қалғанын байқамай қалдық. Мені бір баурап алғаны ол кісінің кішіпейілділігі, адам таңдамай бәрімен бірдей араласатындығы сол көңілді , ашық – жарқын және өте қылықты Мадина Сәдуақасова)Міне осылай😍 )) Құрметті Мадина ханым сізді сахнадағы 20жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы өтетін үлкен мерекелік концертіңізге сәттілік тілеймін😘😘😘) Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық және де шығармашылық шабыт тілеймін)❤️ Сахна төрінде 30, 40, 50 жылдық мерейтойыңызды тойлауға жазсын! 20 күні Республика сарайында өтетін үлкен мерейтойлық концертте кездескенше, Достар! Эстафетаны әрі қарай @via_assyl_official @galiyaassyl @armanay_m және @bidashkaa жолдаймын! 🙋🏻😘

Фото опубликовано Ⓜ️адина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Жіберіп алмаңыз: 

Айдана Меденованың жаңа бейнебаяны қатал сынға ұшырады (видео)

Хиджаб киген әлемдегі ең сұлу қалыңдықтар (фото)

Өзінің әніне секіріп би билеген Қыдырәлі Болманов жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Бағлан Әбдірайымов: Үндемей жүре берсек, дастархан басында еркек пен еркектің сүйіскенін де көреміз

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар