Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл Қазақстан сән апталығында тек 9 дизайнердің топтамасы көрсетіледі

Биыл Kazakhstan Fashion Week сән апталығы осымен 12 рет өткізілгелі отыр. Аталған шарада тек тоғыз дизайнердің топтамасы көрсетіледі. Ұйымдастырушылар осылайша киімдердің сапасын арттырмақ болған екен.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Біз топтамалардың сапасын жақсартқымыз келеді. Бүгінгі таңда екінің бірі келіп Қазақстан сән апталығында өзінің өнімдерін таныстырып жатыр. Алайда мұның барлығы дизайнерлердің аты мен жұмысына кері әсерін тигізеді. Қатысушыларды брендтің өндірілуі, дизайнерлердің ілгерілеуі сынды талаптарға сәйкес өзім таңдадым. Мұнымен қатар, бұрын-соңды жұрт көрмеген тың идеялар іздеуге тырыстым. Біз KFW шарасына тек өз ісін білетін дизайнерлердің қатысқанын қалаймыз”, – дейді жобаның креативті директоры Алексей Чжен.

Қазақстан сән апталағынан бөлек, сән әлемі үшін аса маңызды тағы бір шара бар. Ол – жас дизайнерлердің топтамалары таныстырылатын Open Way байқауы. Аталған байқау 17 қазанға жоспарланып отыр. Қатысушыларға 2017 жылдың көктем-жаз маусымына арналған прет-а-порте топтамасын жасау тапсырылған болатын. 300-ге жуық сұранымның ішінен әділқазы алқалары тек 20 дизайнердің жұмысын қараған. Олар – Салтанат Әбділдаева, Бурула Әбсатарова, Виктория Әзірбаева, Айгүл Асадулина, Алуа Дәулетқан, Раушан Киреева, Маржан Құрманғазина және т.б.-лар.

Жоғарыда есімі аталған жас дизайнерлер өздерінің киімдерін 5 апта бойы тіккен. Ал бұл киімдерді Италия институтының деканы Андреа Тоси мен Қазақстанның сән индустриясының белді мамандары бағалайтын болады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар ұсынылады. Ең жақсы дизайнер келесі жылы еліміздің сән апталығына қатысып, InstitutoEuropio di Design оқу орнында білім алады. Бұдан өзге қатысушыларға ресми серіктестердің атынан сыйлықтар үлестіріледі. Ал KFW шарасында Aida Kaumenova, JADO, Jarkyn Baimakhanov, Kiori, Mimioriki, Mirel Marat, One-to-One, Tamara Lamanukaeva, TOSI, Yerlan Zholdasbek, Sergei Shabunin сынды брендтердің киімдері таныстырылмақ. Сән апталығы Қазақстан қонақ үйінде 18-20 қазан аралығында өтеді.


Жіберіп алмаңыз:

Бірінші болып көріңіздер: Қазақстан сән апталығында не көрсетеді (фото)

Қазақстан сән апталығының қай күндері өтетіні белгілі болды

Балнұр Асанованың киім үлгілері сән апталығына келгендерді таңырқатты

Талқылау