Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Анасы мен қызы” өздерінің транссексуал екендерін мойындады (фото)

Дүниеге ұл бала келді. Алайда ес білгеннен кейін ол қыздардың киіміне құмарланды. Ол әркез өзін қыз баласы ретінде сезінгендіктен, ата-анасынан жасырын түрде нәзік жандылардың киімін киді.

Eric-and-Corey-House (5)

Анасы Эрика 14 жастағы ұлының қызға айналғанына қуанды. Себебі ол да кезінде ер бала болып дүниеге келген. Яғни, ол да транссексуал, деп жазды Mirror.

Американдық азамат Эрик өзінің «кері адам тәнінде» туғанын түсініп, жынысын ауыстырған. Алайда мұны ол ұзақ уақыт бойы құпияда сақтап келген. Кори қыз балаға айнала бастаған кезде ғана анасы бар шындықты айтуға бел буады.

Eric-and-Corey-House

Ақырында 2015 жылы ол күйеуі Леске бар шындықты жайып салады. Арада біраз уақыт өткен соң отбасының өзге мүшелерін де (балалары Челси, Кайли, Кориғ Эллен, Уиллоу, Саванна) хабардар етеді.

Eric-and-Corey-House (1)

Басылымға берген сұхбатында Эрик бұл жаңалықты күйеуінің қалай қабылдағанын әңгімелеп берді.

13062225_10153063771317395_7897717864342725041_n

«Жақындарым таңғалдырды. Ол құпияны ашқаныммен ештеңе өзгерген жоқ. Күйеуім қолынан келгенше қолдау көрсетуде. Дәл қазір біздің қарым-қатынасымыз алдыңғы 10 жылдан қарағанда да жақсара түсті», – дейді ол.

Eric-and-Corey-House (2)

Ал Кори анасына бар шындықты айтқаннан кейін өзін жеңіл әрі еркін сезіне бастағанын айтады. Десе де ол транссексуалға айналған кезде бірқатар достарынан айырылып қалғанын жасырмайды.

Эрик пен Кори өздерінің транссексуал екенін YouTube желісінен транссексуал жұлдыздар мен жасөспірімдер туралы видеоролик көргеннен кейін түсінген. Ол кезде Кори 11 жаста болатын. Өзі сияқты жанды көрген сәтте ол:

«Анашым, мен де әлгі қыз сияқтымын», – деп мәлімдеген. Бұл кезде Эрик өз сезімін іште бүгіп қалыпты.

Eric-and-Corey-House (3)

Ал бүгінде «анасы» мен «қызы» бір-бірлерін қолдау мүмкіндігіне ие. Эрик пен Кори бүкіл елге өздерінің транссексуал ана мен бала екендерін жар салған алғашқы жандар.

Eric-and-Corey-House (4)

Қазіргі уақытта Эрик кеудесіне жасалатын отаны тағатсыздана күтіп жүр, ал Кори кәмілеттік жасқа толатын күнін асыға күтуде.

“18-ге толған соң хирургияның көмегіне жүгіне аламын”, – дейді Кори көзіне жас алып. Өзін транссексуал ретінде жария еткеннен кейін Коридің Facebook-тегі парақшасында оқырмандар саны артқан.

Eric-and-Corey-House (6)

«Менің хикаям адамдарды жігерлендіріп, кейбірінің өмірін құтқаруда, сондай бақыттымын», – дейді ол.

Eric-and-Corey-House (7)

Ал Эрик табиғи ерекшелігі үшін адам баласы қысылмауы тиіс деп есептейді.

«Әркез өзіңнің кім екеніңді мақтан тұт. Біреудің пікірі сенің өзіңе деген сенімділігіңді төмендетпесін», – дейді Эрик.

Eric-and-Corey-House (8)

Eric-and-Corey-House (9)

Жіберіп алмаңыз:

Ер адамды сақтанбай жыныстық қатынаспен айналысқаны үшін соттады

Әйел сүйіктісін түрмеден шабаданға тығып алып шықпақшы болған

Тыржалаңаш альпинист тау шыңын бағындырды (видео)

Желі қолданушылары анасы мен қыздарын ажырата алмай дал болды (фото)

Талқылау