Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы қайын атасымен төсек қатынасына түскенін көріп қойған ұлын өлтірді

Вероника Паранелло (Veronica Panarello) өзінің күйеуінің әкесімен жақын байланысқа түскен. Оны әйелдің ұлы 8 жасар Лорис Стивал (Loris Stival) біліп қояды. Вероника атасымен қарым-қатынасы жайында хабардар болған ұлын өз қолымен өлтірді. Өз баласын өлімге қиған безбүйрек ана 30 жылға бас бостандығынан айырылды.

678990-90-56

Вероника өзінің ұлы Лористі электр сымымен буындырып өлтірген. Артынша оның денесін Сицилияда суға ағызып жіберіп, полицияға ұлының із-түссіз жоғалып кеткенін айтып шағымданған. Айтуынша, ол таңғы уақытта перзентін мектепке дейін апарып салған. Түстен кейін баласын алуға келген ана оны таба алмапты-мыс, деп хабарлады Metro.

45465786797897

Мектептегі бейне-бақылау камералары баланың оқу орнына келмегенін дәлелдеген. Содан кейін полиция Вероникаға күдікті ретінде қарай бастаған. Әйел Лористің өліміне және оның мәйітін жасырғаны үшін кінәлі деп танылды. Десе де, тіпті, сот барысында безбүйрек ана кінәсін мойындаған жоқ.

Кейін баланың 2014 жылдың қарашасында өлтірілгені анықталды. Сол кезде Вероника бар кінәні өзінің қайын атасы Андреа Стивалға (Andrea Stival) жапқан.

Әйел Андреаның Лористі өлтіруге көмектескенін айтып берді. Себебі ол Вероника мен Андреаның жыныстық қатынаспен айналысып жатқанын көріп қойған. Қылмыстық іске қатысы бар деп танылған Стивал тергеуге алынды, деп хабарлады итальяндық басылымдар.

Андреа өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Ол өзіне жала жапқан әйелді сотқа беретінін мәлімдеді.

Ал әйелдің күйеуі онымен ажырасу үшін сотқа арыз берген.

Жіберіп алмаңыз: 

Желіде қостанайлық 22 жастағы қыздың өлер алдында жазып қалдырған хаты жарияланды

Миллиардер туған қаласының 10 мың тұрғынына 4 миллиард доллар таратып берді

14 жастағы жасөспірімге жын кіріп кетті (фото, видео)

Шымкентте қызғаншақ күйеуі әйелін балталап өлтірді

Талқылау