Анасы Қайрат Нұртастың бір кездері казино ойнағанын айтты
Қайрат Нұртастың анасы ол туралы жұрт білмейтін құпияны ашты. Әнші бір кездері казино ойнағанын екен. Алайда Қайрат бұл құмар ойынға тәуелді болмаған. Тек достарының азғындауымен бірнеше рет ойнап көрген екен.
Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды.
Гүлзира Айдарбекова баласы Қайрат Нұртастың бір кездері казино ойнағанын тілге тиек етті. Оның құмар ойын ойнауына азғындаушы достары себеп болған екен. Десе де, әншінің өзі тәуелділікке салынбай, бұл ойынның аса қызық емес екенін айтқан.
“Ол бір кездері болды. Қазір, Құдайға шүкір, Қайрат казиноға ақша құртып жүрген жоқ қой?! Қайраттың ақшасы көп болған соң, жанында азғыншылар көп болады. «Қайреке, қайда барамыз?” деген сияқты. Кейін Қайраттың өзінен сұрасам, “Маған түк қызық болмай кетті” дейді.
Сол кезде достары басқа жігіттердің Қайратты сол жаққа тартатынын айтты. Себебі, олар Қайраттың арқасында тегін ішіп-жейді. Казинода да суға бірнәрсе қосып береді немесе адам әкелгені үшін досына ақша төлейді деп жатады. Оны Қайраттың өзі түсініп, мүлдем бармай кетті”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.
Жіберіп алмаңыз:
Жаманқұловтың жұбайы: Мұның бәрі кімнің тапсырысы екені белгілі
Татуласқан Жұлдызай мен Тука сахнада бірігіп өнер көрсетпек
Танымал сазгер 91 тобының әніне «жоғары», Қайрат пен Төреғалидің әніне «төмен» баға берді
Қайрат Нұртас елбасыға арнап ән айтты