Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы 5 жастағы қызын Атырау-Орал тас жолына тастап кеткен

Әйел азаматтық некеде бірге тұрып жатқан жолдасы бала тәрбиесімен айналысқысы келмегендіктен осылай жасағанын айтқан.

kid-1601764_960_720

Бұл туралы  “Ақ жайық” басылымы хабарлайды.

Таңқаларлық жағдай Атырау облысында болған. Анасы өзінің 5 жастағы қызын Атырау-Орал тас жолына тастап кеткен. Жалғыз жүрген қызды жасөспірімдер ісімен айналысатын инспекторлар байқап қалған. Артынша олар бүлдіршіннің ата-анасын іздестіруге кіріскен.

Бүлдіршіннің анасын құқық қорғау органдары осы уақытқа дейін екі мәрте ана болу құқығынан айырған екен. Өзінің бұл әрекетін ол азаматтық некеде бірге тұрып жатқан жолдасына бала тәрбиесімен айналысудың ұнамайтындығымен байланыстырған. Атырау облысының жасөспірімдер ісін қарайтын сот ананы үшінші рет өзіне тиесілі құқығынан айырды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енбеді. Мұнымен қатар, әйелдің егіз балаға жүкті екені анықталған.


Жіберіп алмаңыз:

Қаршыға тірі жыланды демалып жатқан адамдардың үстіне тастап кетті (видео)

Үшемді дүниеге әкелген семейлікті күйеуі тастап кетті

Астанада өзі босанған келіншек баланы біреу тастап кетті деп көмек сұраған

Тағы бір қазақ отбасы баласын көшеге тастап кетті

Талқылау