Волочкова Қазақстанға жантүршігерлік сапары жайында: Мәңгіге есімде қалды
Танымал ресейлік балерина Анастасия Волочкова Қарағандыға қарай концертке бара жатып тас жолда қар құрсауында қалып қойған.
Фото: Владимир Астапкович
Анастасия Волочкованың PR-директоры Қарағанды облысында әртістердің көлікті кесек қардан қалай итеріп шығарғандары туралы айтып берді.
Волочкова Қазақстанда: жел ұшырып түсіріп, көлік есіктерін жұлып жатты ;Құдайға шүкір, жаман ештеңе болмады. “Леди” спектакльінде ойнайтын әртістер оның ішінде Астахов, Соколовский және Волочкова Қарағандыға қарай жолға шыққан. Жолда көлік тұрып қалды. Мен бірден продюсерге, продюсердің көмекшісі Анжелаға телефон соға бастадым. Олар менің түсінуімше, көмекке келуге асыққан. Жігіттер, әртістер көлікті кесек қардан итеріп, шығара бастады”, — деді Ракицкая.
Ракицкаяның атап өтуінше, оқиға Волочкова үшін күйзелісті болған.
“Жел ұшырып түсіріп жатты, көлік есігін ашқанда қатты жыл есікті жұлған. Аздап қорқынышты болды. Оларды шығарған кезде, әлі 200-дей шақырым жүру керек болатын. Бірақ әртістер – шыныққан адамдар. Әрине мұндай оқиғалар өмір бойына ұмытылмайды. Олар күлімсіреп еске алып, кездескен кезде еске алып сөйлесуге себеп болады”, — деді Ракицкая.
Бүгін оның сөзіне қарағанда, топ Қарағандыдан Павлодарға аттанады. Ол бәрі жақсы өтіп, жоспарланған спектаклді өткізуге ештеңенің кедергі болмайтынына үміт білдірді.
Ол бұл туралы инстаграмдағы парақшасында хабарлады.
“Оқиғасыз өмір зеріктіреді. Бірақ бүгін Астанадан Қарағандыға барар жолда бізге қатты қорқынышты болды. Автобанды қар басып қалып, спектакльге ұзын жолмен баруға тура келді. Боран, бұрқасын басталып, жолды қар басты, тұман. Көліктің терезесінен қарлы аспан мен бораннан басқа ештеңе көрінбейді. Осылайша біз өзге бірнеше көліктер сияқты жарты жолда қалып қойдық. Бекітулі шеңберде қалып қойдық. Өте қорқынышты және суық болды”, — деп жазды Волочкова.
Видео опубликовано Анастасия Волочкова (@volochkova_art)