Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасына ренжіп қашып кеткен: Екібастұзда жоғалған бала елордадан табылды

Екібастұзда анасымен болған жанжалдан кейін үйден қашып кеткен сегізінші сынып оқушысын полицейлер Нұр-Сұлтан қаласындағы әжесінің үйінен тапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның анасы Екібастұз қаласының полициясына қоңырау шалып, баласын тауып беруді сұраған. 

Жасөспірімді іздеуге облыстық полиция департаментінің жеке құрамы, сондай-ақ волонтерлік іздеу топтарының үйлестірушілері бағытталды.

Полиция бірнеше ондаған адаммен сұхбаттасты, облыстың және басқа да іргелес облыстардың барлық полиция департаменттеріне нұсқаулар мен анықтамалар жіберді. Тынымсыз жұмыстың нәтижесінде жедел уәкілдер жасөспірімнің жүріп-тұруының барлық жолын белгіледі, кейін баланы Нұр-Сұлтан қаласынан тапты.

Белгілі болғандай, жасөспірім анасымен ұрысып, жинап жүрген ақшасын алып, үйден кетіп қалған. Базарда өзіне күртеше сатып алған, асханада түскі ас ішіп, достарына барып, такси шақырып, астанаға кеткен. Қазіргі уақытта жасөспірім Астанада әжесінің қолында.

"Айта кету керек, биыл 43 жасөспірім "есікті тарс жауып", үйден кетіп қалған. Олардың 35-ін полицейлер волонтерлік ұйымдармен бірлесіп, алғашқы тәулікте тапты", - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Жоғалған және кеткен барлық балалар табылып, ата-аналарына қайтарылды.

Талқылау