Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасын ата-ана құқығынан айырғысы келеді: Түркістан облысында әкесінен алымсақтық көрген қыз оқиғасын айтып берді

Түркістан облысында 17 жастағы жасөспірім анасын ата-ана құқығынан айыруды сұрайды. Ата-анасына ренжілу қыз ауыр балалық шағы туралы айтып берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Время” басылымына сілтеме жасап.

17 жастағы Валяны әкесі бірнеше мәрте азғындамақ болған. Соны жасырып қалмағаны үшін қыздан отбасы теріс айналды. Мектеп оқушысы қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында тұрғанына бір жыл. Жасөспірім үйіне оралғысы келмейді, керісінше анасын ата-ана құқығынан айыруды сұрайды. Сотта қыздың пікірі мән берілмегенін айтып, ол қынжылды.

Валя Түркістан облысының ауылдарының бірінде көпбалалы отбасында туып-өскен. Ол өзінің балалық шағын жақсы сарында еске алмайтынын айтты.

Балалар қаталдықта өскен. Әкесі ұлдарына қатаңдық көрсетсе, қызына азғындық әрекеттер жасаған. Алғашында оған порнографиялық сипаттағы бейнежазбаларды көрсеткен. Айтуынша, қыз көзін жауып, қарсылық танытса, әкесі қорқытатын болған. Ол кезде Валя небәрі 11 жаста еді. Әкесінің мұндай әрекеттерінен қорқып, ол үйіне бармаудың жолдарын іздейтінді шығарған. Тіпті мектептен ұзақ уақыт қайтпай, құрбысының үйіне баруды әдетке айналдырыпты.

Түркістандық жасөспірім есейген сайын әкесі шектен шыға бастаған. Қыз әкесі оны сипалап, жыныстық сипаттағы орынсыз әрекеттер жасағанын да еске алды. Ер адам әйелі жұмыста болған кезде арам ойын іске асырғысы келіп, үйдегі ұлдарды сыртқа жіберіп, кіші қызына мультфильм қосып алдандыратын. Тіпті "әйелім боласың" деп айтқан.

"Әкем көрсеткен қорлықтардың кесірінен бүкіл әлемге ашуланып, өшімді өзгелерден алатынмын. Қаным басыма шауып, бұл азаптан арыла алмадым”, – дейді Валя.

Бойын өкпе-реніш пен кек кернеген қыз бір күні өзін-өзі ұстай алмай, мектепке теріс қылық көрсеткен. Тәртіпті және үлгілі оқушы сыныптасымен төбелескен. Мектеп психологы қыздың бұл қылығына шоши қарап, соңында Валя оған бар шындықты жайып салыпты. 

“Бір күні әкемнің маған тиісіп, қандай сөздер айтып жатқанын диктофонға жазып алдым. Психолог іштегі бар мұңымды, не мазалап жүргенін жазуымды өтінді. Бірақ мұны одан кейін анам оқитынын білмедім. Ол жылап, өз көзіне өзі сене алмай, айтпағаным үшін өкпеледі. Бірақ мен оған қалай айтамын, өйткені ол үнемі "Егер саған солай жасаса, өзің еліктіргенсің, өзің кінәлісің” дей беретін", – деді кәмелетке толмаған қыз.

Мектеп психологы Түркістан облысында балалар суицидінің алдын алу бойынша ауқымды жоба жүргізген Гүлжан Вероцкаяға жүгінгісі келетінін айтқан.  Валя әлеуметтік желілерде Вероцкаяның парақшасына жазылып, қиын жағдайда баланы қалай қорғауға болатындығы туралы жазбаларын оқыған. Осылайша ару өзі оған бірінші болып хат жазуға бел буып, әкесінен құтқаруды өтінді.

“Немқұрайлылық таныта алмадым. Облыс прокуратурасымен бірлесіп, өңірлердегі балалардың құқықтарын қорғауға байланысты жағдайды зерделеу бойынша жұмысты бастадық. 2021 жылдың 3 қазанынқызбен де, анамен де сөйлестім. Анасының реакциясы мені таңғалдырды. Ол түк болмағандай отырып, қызым бәрін ойдан шығарған деп айтты. Анасы баласын қорғағысы келмесе, онда мұны балаларды қорғауға міндетті адамдар жасауы керек екенін түсіндім”, – деді  Түркістан облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Гүлжан Вероцкая.

Гүлжан Вероцкаяның айтуынша, Валяның сөзі рас және оның ешқандай қияли әңгіме емес екені жеке әңгімелескенде байқалды. Облыстық прокуратураның кәмелетке толмағандар жөніндегі прокуроры Берік Сыдықовтың бастамасымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Өтініш мектеп басшылығынан келіп түсті. Үйге жасырын бақылау камералары орнатылды. Алайда күдікті бұл туралы бәрін алдын ала біліп алған. Өйткені ер адамның жергілікті учаскеде достары бар. Бірақ кейін тергеу көрші ауданның полициясына тапсырылды.

Қыздың айтуынша, жасырын бақылау камерасы болса да, ол алымсақтық жасауын тоқтатпаған. Тек камера жоқ жерлерде қызына тиісуді шығарды. Нәтижесінде қызды үйден алып кету туралы шешім қабылданған.

“Киімдерімді, оқулықтар мен сүйікті кітаптарымды жинап, әжемнің бөлмесіне кірдім. Жыладым, мені аяп, түсінгенін қаладым. Ал әжем өзімді кінәлады. Соған қарамастан дұрыс жасағаныма сенімдімін, өйткені өзім үшін ғана емес, артымнан еріп келе жатқан сіңлім үшін де қорқатынмын, әкем оған да солай істеуі мүмкін еді”, – дейді зәбір көрген қыз.

Балаларды қолдау орталығында бейімделу оңайға соқпағанын айтады. Қыз тергеу әрекеттеріне де, сотқа да қатысып жүрген. Жауап алынғаннан кейін эмоционалды күйзелісті бастан кешіп, тіпті өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері де болған.

“Шындық детекторында айғақтарды тексеру үшін тергеушілер жәбірленуші баланы отбасымен бір көлікпен әкелген. Тіпті бір жалдамалы пәтерге орналастырған. Олардың жанында қыз қандай азап шегетінін мүлдем түсіне алмағандары өкінішті. Әрине, оған ұрысып, қысым көрсеткен. Айғақтарынан бас тартсын деп бопсалаған”, – дедә уәкіл.

Түркістандағы облыстық ювеналды сот процесінде Вероцкая психолог ретінде қатысқан. Ол қыздың оқиғаларын, әкесінен көрген қорлықтарын естіп, шыдай алмағанын мойындады.

“Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот ҚК-нің 123-бабының 2-бөлігі бойынша А.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Сотталушының кәмелетке толмаған қызына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін бірнеше рет жасағаны анықталды. Сотталушы кінәсін ішінара мойындап, үкімді жеңілдетуді сұрады. Прокурор соттан қатаң режимдегі мекемеде жазасын өтей отырып, екі жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады”, – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Сот прокуратурамен келісті. Осы бап бойынша ең максималды жаза – бес жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Анасы қызының шындықты айтып, құқығын қорғағаны үшін оны кешіре алмаған. Ал Валя анасының бұл қылығын сатқындық деп санайды.

“Ата-ана құқықтарын шектеу немесе айыру үшін бірнеше рет сотқа жүгінгенбіз, бірақ соттан бас тартылды. Бұл – сотта жиі кездесетін нәрсе, көп жағдайда балалардың пікірі ескерілмей, бірақ ата-аналардың ұстанымын қолдайды. Ол ата-ана құқығынан айырылған жағдайда, баланың балалар үйінің түлегі мәртебесіне теңестіріледі. Соның арқасында оған стипендия мен баспана алуға болады. Сонымен қатар ол расымен мемлекеттік мекемеде тәрбиеленіп жатыр. Тағы да тырысып көреміз, аудандық кәмелетке толмағандар комиссиясы баланы қолдады”, – деді балаларды қолдау орталығының директоры Саттар Нұрпейісов. 

Талқылау