Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы мен қызы демалыс кезінде өлімге әкелетін ауру жұқтырды

Перм қаласының тұрғыны Наталья Пашина мен екі жасар қызы Занзибарда демалып жатып, африкалық трипаносомозбен ауырып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ura.ru порталына сілтеме жасап. 

Отбасы Занзибарға 2020 жылдың қараша айында демалуға барған. Демалыстан келгеннен кейін, жаңа жылдық демалыстардың уақытында қызда температура 40 градусқа дейін көтерілді. Дәрігерлер баланы және анасында трепаносомалардың тропикалық паразиті - цеце шыбыны шаққанын анықтайды.

Қазіргі уақытта қыз жергілікті ауруханада жатыр. Пашинаның айтуынша, қыздың денесіндегі уды "тамшылар арқылы" шығарып жатыр.

Жақын арада қызды Мәскеуге емделуге жіберу жоспарланып отыр.

Адамның африкалық трипаносомозы - кең таралған тропикалық ауру. Емделмеген жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Бұл Африка континентінде кездесетін цеце шыбыны шаққаннан кейін пайда болатын ауру. 


STAN.KZ
Жексенбі, 31 Қаңтар, 2021 10:10
Талқылау