Анасы мен 16 жастағы қызын аяусыз өлтірген: Түркістан облысында бұрынғы мұғалім өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Түркістан облысында анасы мен 16 жастағы қызын аяусыз өлтірген бұрынғы мектеп мұғалімі өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Түркістан 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

12 қыркүйек күні Түркістан облысы келес ауданында болған жантүршігерлік оқиғаға нүкте қойылды. Анасы мен оның 16 жастағы қызының өліміне бұрынғы мұғалім кінәлі екені анықталды. 29 жастағы азамат жазасын өмірінің соңына дейін темір торда өтемек.
“Аханов Абай Асхатұлына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын өтеу мерзімі 12 қыркүйек 2024 жылдан бастап есептелсін”, – делінген соттың шешімінде.

Видеодан скрин
“Бүгін соттың соңғы отырысы болды. Бұған дейін көптеген қиындықтар болды. Әділ шешім деп есептеймін. Қылмыскер өмір бойыны бас бостандығынан айырылды. Бізге көмектескендердің барлығына алғыс айтамын”, – дейді марқұмдардың туысы Айқдидар Тоғамбаева.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
“Сот алқабилердің қатысуымен өтті. Қазірге сот үкімі заңды күшіне енбеді. Сот тарапынан біздің талап арызымыз толығымен қанағаттандырылды. Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 50 миллион теңге материалдық шығын өтелетін болады”, – деп мәлімдеді зардап шегуші тараптың адвокаты.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желідеТүркістан облысы Келес ауданында анасы мен кәмелет жасқа толмаған оқушы қыздың жантүршігерлік өлімі туралы ақпарат тараған еді. Желіде тараған ақпаратқа сенсек, мектепте жұмыс істейтін мұғалім 16 жастағы қызға көз салған. Мұны оқушы қыз мектеп директорына айтқан соң мұғалімді жұмыстан шығарып жіберген. Жігіт осылайша анасы мен қыздан кек алмақ болған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған