Анасы бас тартқан балаларды асырап алған әйел: Халық аманат еткен бүлдіршіндерді жылатпаймын (видео)

Алматыда туған балаларын жетімдер үйіне өткізбек болып, артынша оларды «Астарлы ақиқат» бағдарламасының студиясында өзге әйелге беріп жіберген ананың оқиғасы қоғамда кең талқыланып, жұрттың жағасын ұстатқан еді. Бағдарлама жүргізушісі Дина Төлепберген анасы бас тартқан балалардың қазіргі өмірі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еске сала кетсек, аталған бағдарламада үш баланың анасы Қапиза Шумаева өз перзенттерін жетімдер үйіне өткізгісі келетінін айтқан еді. Ішімдікке салынған әйел ойынан айнымағаннан кейін, 13 баланы тәрбиелеп отырған тараздық Зульфия Төленова оларды асырап алуға ниет білдірді. Артынша ол балаларды өз тәрбиесіне алды. 

Тележүргізуші Дина Төлепбергеннің сөзінше, осы жағдайдан кейін бағдарлама редакторлары Тараз қаласына барып, балалардың жағдайын біліп қайтқан. Айтуынша, балалар оларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыпты.

«Жаңа отбасыға үйренісе бастағандай. Үш мезгіл тамағын жеп, біраз салмақ қосыпты. Борис бұрынғы тұйық қалпынан тайып, адамдармен ашық-жарқын сөйлесетін болған. Өзінен кіші бауырларына бас көз болып жүр.

Ал Жасмин биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттауға дайындалып, әріп үйреніп жүр. Айлин қазір Зульфия апайдың тәттісі, осы отбасының еркесі әрі ханшайымы болған. Мұндағылар оны еркелетіп «Сникерс» дейді. Енді Айлин балабақшаға барады», - деп жазды Төлепберген Instagram желісіндегі парақшасында. 

Өз сөзінде тележүргізуші Зульфия Төленованың балалардан қамқорлығын аямай жатқанын айтты.  «Бүкіл халық аманаттап тапсырған бүлдіршіндерді жылатпаймын» деп сөз берді, дейді ол. 

 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшыға шұғыл түрде донор қажет

Тоқаев Қазақстанда жаңа университет ашуды тапсырды

Президент елдің ең көрікті жерлерін шетелге танытып, көрсетудің маңыздылығына тоқталды

"Димаш ішпейді және шекпейді": әншінің жанкүйерлері желіде тараған суретті талқылап, өнер иесінің сөзін сөйледі

Кейбір адамдардың көзіне Димаш темекі ұстап тұрғандай көрінген

БАӘ азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 

Ақтауда куәгерлер суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Медициналық көмек көрсетілгендіктен, бала өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

21 баланың анасы "ессіз демалыс" туралы айтып берді

Отбасы саяхатқа шығу үшін 7 чемодан алады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады
Çàãðóçêà...