"Анасы әпкесін алуымды өтінді": Асхат Садырбай екінші әйеліне қатысты ел білмейтін құпияны жайып салды
Танымал журналист Асхат Садырбай екінші әйелінің болмысына қатысты ел білмейтін құпияны ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Журналист әріптесі Руслан Өтепбайға сұхбат беріп, жеке басына қатысты мәселені талқылады.
“Осы Алматыда жүргенде таныстық. Басында әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп жүрдік. Кейін кездесіп, таныстық. 2015 жылы шаңырақ көтердік. Оның ата-анасының қарсы болғаны рас. Құда түсіп, Айғанымның үйіне барғанда анасы: “Мүмкін әпкесін аларсыздар. Айғанымның мінезі қиын” деді. Біз Айғанымға құда түсіп барып отырмыз, қалай әпкесін аламыз. Солай бас қостық. Бес жыл бір шаңырақ астында өмір сүрдік”, – деді журналист.
-
"Ерке неке жүзігін лақтырып жіберді": Асхат Садырбай бұрынғы некесіне қатысты шындықты айтты
-
"Үйді анасының атына аударды": Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі ел алдында жан сырын ақтарды
БАҚ өкілінің сөзінше, бұрынғы жолдасы Айғанымның мінезінің қиын екенін айтып, мамандарға қаралуды ұсынған.
"Бір кездері оның мінезі қиындап, айғай-шу жиілеп кетті. Мен дымнан хабарсызбын, бір күні маған хабарлама жазады. Хабарламасында дәріханадан белгілі бір дәріні әкеп беруімді сұрады. Мен ол қандай препарат екенін сұрадым, ол көздің линзасына қажет екенін айтты. Мен дәріханаға барып, айтқан дәрісін сұрасам, ондағы кісілер маған бұл дәріні бере алмайтынын, оны алу үшін дәрігердің тағайындауы керегін түсіндірді. Бұл қателеспесем, 2017 не 2018 жылы. Мен "бере берсеңізші, көздің линзасына қажет дәріге дәрігердің тағайындауының не қажеті бар?" десем, "жоқ, бұл өте ауыр препарат" дейді. Кейін үйге барып, өзінен сұрасам, дәріні жүйке ауруы немесе ақыл есінде ақауы бар адамдар ішеді екен. Мен оны жындыханаға жатқызғым келмеді, мен оған мүмкін емделіп көрерсің деп ұсыныс тастадым. Психолог, неврапотологқа апардым, бірақ ол психологқа барудан бас тартты. Неврапотологқа ғана келісті. Онда бір рет қана қаралды, өзінің аса қатты емделуге зауқы болмады", – деді ол.
Еске салайық, журналистің бұрынғы әйелі сот арқылы баланы тартып алмақ деп айыптап жатыр.