"Анашым, мені құтқарыңыз": Қазақстандық өзіне Қытайда жалған айып тағылғанын айтып, көмек сұрады
Фото: qaz365.kz
Қытайда Бүркіт Аман есімді Қазақстан азаматы ұсталды. Оның отбасы биліктен көмек сұрап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұсталған азаматтың туыстарының айтуынша, ер адам 9 қазанда Алматыдан Қытайдың Чжэнчжоу провинциясына ұшып кеткен.
"Ағам жақында достарымен бірге автосалон ашты. Содан кейін бәрі бірге Қытайға ұшып кетті. Екі күн бойы одан хабар ала алмадық. Кеше анасына телефон соғып, "Анашым, мені құтқарыңыз, мені жалған айыппен ұстады" деп айтыпты. Осыдан кейін байланыс бірден үзілді", – дейді жігіттің әпкесі Ажар.
"Ресейлік легионерлерден ақша жинаған": "Құлагер" хоккей клубының басшысы ұсталды
Ер адам 11 жастағы қызға азғындық жасамақ болып, кездесуге шақырған: Күдікті Түркістанда ұсталды
Қоңырау шалған бойда Бүркіттің анасы Қытайға кеткен. Туыстарының айтуынша, белгісіз адвокаттар отбасынан көмек көрсету үшін 7 миллион теңге талап еткен. Қорыққан әйел оларға 1 миллион теңге аударған.
"Алғашында Бүркіттің достары оның ұсталғанын айтпады. Тек кеше кешке ғана мойындады. Күндіз ағам өзі хабарласқан, бірақ не үшін ұсталғанын түсіндірмеді. Ал достары "жай ғана төбелес болған, қылмыстық іс қозғалды, бірақ біз көмектесе алмаймыз елге қайтамыз" деді", – дейді Ажар.
Туыстары Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне арыз жазған. Ал екі консул жағдайды бақылауда ұстайтынын айтқан.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте сотта заттай дәлелдемелермен жұмыс істеген қызметкер есірткімен ұсталғаны туралы жазған едік.

Дженнифер Лопестен Real Madrid-ке дейін: Әлемдік жұлдыздардың келуі Қазақстанға қандай пайда әкелді
