Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анамның қарғысымен имам болдым": Сәкен Майғазиев баланы қарғыспен тәрбиелеген дұрыс дейді

Сәкен Майғазиев баланы қарғыспен тәрбиелеген дұрыс дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Анамның қарғысымен имам болдым

"МұзАрт" тобының әншісі Сәкен Майғазиев  бала тәрбиесіне қатысты жұртқа кеңес берді. Көп ата-ана баласының жаман қасиетін бетіне басып, қарғап жатады, бірақ өскенде сол баласы жамандық жасаса, перзентін кінәлі етеді дейді. Алайда, балаңызды қарғаған кезде де жақсы сөздер жаудырсаңыз, ол болашағына бата бергеніңізбен тең екенін жеткізді ол. 

"Кейбіреуіміз құлыншақтарымыз құтырып кетсе абайламай қарғап-сілеп жатамыз. Мынау сенің балаң ба десе, "Ия, бұл бұзық, сотқар, жынды, бандит, xулиган" деп қалатынымыз да жасырын емес. Балаларымызға ұрысқанда да, "Өсіп-өнгір, тұқымың көбейгір, мың болғыр, көгергір, жапырағың жайқалғыр" деп қарғайық. Имандым, саналым, хафызым, қариым, ғалымым, ақылдым, білімдім, батырым деп жақсы сөздермен еркелетейік", - дейді Сәкен Майғазиев.  

Баланы қарғыспен өсіруді жөн санайтын Сәкен Майғазиев өзінің пікірінің дұрыстығын мысалмен дәлелдеген. Ол Қағбада имам болған Судайстың бұл жолға қалай келгені туралы айтып берген. 

"1984 жылдан бері бас имамдық міндетін атқарған әл-Судайс "Анамның қарғысымен имам болдым" деп еске алады. "Кішкентай кезімде тентектік жасасам, анам маған ашуланып "Қағбаға имам болғыр, Судайс" дейтін. Анамның осы қарғысы маған берген ең жақсы батасы болып шықты. Өскенде, Қағбаға имам болдым" деген екен", - дейді Сәкен Майғазиев. 

Талқылау