Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анам мен жеңгем бесікке салды": Төреғали Төреәлінің қарындасы үшінші сәбиін қырқынан шығарды

Дина Төреәлі қызын қырқынан шығардыФото: instagram.com/tattti_kyz

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы әрі блогер Дина Төреәлі жақында үшінші сәбиін дүниеге әкелген еді. Күні кеше кенже қызы Мединаны қырқынан шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер атаулы күннің безендіруіліне қызғылт сары түсті таңдаған. Ал десертке нәзік тортты арнайы тапсырыс беріп дайындатқан. Әр қонаққа арналған тойбастар да ерекше – макарон тәттілері. 

Дина Төреәлінің қызын қырқынан анасы мен ағасы Төреғалидің жары Толқын шығарды. 

“Бүгін Медина қызымызды менің анашым мен жеңгеме қырқынан шығарту бұйыртыпты. Алтын қызымның әр күні тек бақытқа толы болса екен деп тілеймін. Бүгінгі айтылған жақсы тілектің бәрі қабыл болсын! Шашбауымды көтеріп жүрген жеңгеме Алла разы болсын!” – деп жазды ол.

Сондай-ақ қырқынан шығару рәсіміне отбасының тек әйел мүшелері қатысқан көрінеді.

Айта кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлінің қарындасы үшінші сәбиін дүниеге әкелгені хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 16 Ақпан, 2026 16:51