Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анам әуелі ұрсып, кейін қуанды": Қазақстандық жігіт қалай көлік ұтып алғанын айтып берді

Алматы облысының тұрғыны бір қоңырау бір-ақ сәтте өмірін түбегейлі өзгерткенін айтты. Ол “Сәтті Жұлдыз” ұлттық лотереясынан кроссовер жеңіп алды. Ұтыс иегері алғашында мұны “пранк” деп ойлағанын жасырмады.

Өтеген батыр ауылының тұрғыны Мейірхат көлік ұтып алғанына бірден сенбеген. Өзінің айтуынша, лотерея ұйымдастырушылары оған тікелей эфир кезінде қоңырау шалып, темір тұлпар ұтып алғанын хабарлапты. Дегенмен бастапқыда ол біреулер “қалжыңдап, алдап жатыр” деп ойлаған.

“Қазір алаяқтар көп хабарласады, сондықтан бастапқыда сенбегенім рас. “Пранк”, “қалжың” деп ойладым да, қайта-қайта нақтылап сұрадым. Бірақ кейін шын екеніне көзім жетті”, – дейді Мейірхат. 

Мейірхат лотереядан ірі сыйлық ұтамын деп ешқашан ойламаған. Бірақ атадан балаға қалған дәстүрді жалғастырып, лотерея билетін алып жүрген екен.

"Бұрын атам TeleBingo-ға қатысқанды жақсы көретін. Ал мен лотерея билетін үш-төрт жыл бұрын ғана сатып ала бастадым. "LOTO 6/49"  лотереясын көрген соң, бірден қатыстым. Шыны керек, мұндай ірі ұтысты алғаш рет ұтып отырмын, бұған дейін тек жұбату сыйлықтары ғана бұйырған еді", – дейді жеңімпаз.

Мейірхат қуанышты жаңалығын ең бірінші анасына айтыпты. Бір қызығы, анасы оның хабарына бірден қуана қоймапты. 

"Анам лотереяға қатысқанымды естігенде ұрсып берді. Кейін жеңіске жеткенімді, “Сәтті Жұлдыздың” кеңсесіне бара жатқанымды айтқанда ғана сеніп, қуанышыма ортақтасты", – дейді ол күліп.

Оның сөзінше, кез келген адамның жолы болып, жеңіске жетуі мүмкін. Ол үшін тәуекел етіп, бағын сынап көруі керек. 

“Қарапайым адаммын. Менің тек жолым болды. Сондықтан басқа қатысушыларға да осындай ірі ұтыс, сәттілік тілеймін. Қатысыңыздар, ұтыңыздар және қуанышқа бөленіңіздер”, – дейді ол.

Еске салайық, 2025 жылғы 21 қыркүйекте TeleBingo эфирінде он бірінші пәтердің ұтысы өтті. Басты сыйлық Алматы тұрғыны Қадіржанға бұйырды. Жеңімпаз биыл 50 жасқа толады. Жұбайы екеуі бес бала тәрбиелеп отыр. Ұтыс иегері жеке себептеріне байланысты толық деректерін жарияламауды сұрады. Дегенмен ол пәтердің орнына ақшалай ұтысты алды. Бұл қаражатқа үйін жөндеуді және қарыздарын өтеуді жоспарлап отыр. Қадіржан көбіне TeleBingo, 5/36 және LOTO 6/49 тираждық лотереяларына қатысады, бірақ билеттерді небәрі екі ай бұрын ғана сатып ала бастаған. 

Айта кетері, 26 қыркүйекте LOTO 6/49 лотереясы өтеді және оған қатысқандардың тағы бір кроссовер ұтып алуға мүмкіндігі болады. Жеңімпаз сол күні “Сәтті Жұлдыздың” VK және YouTube арналарында 22.00-де болатын тікелей эфирде анықталады.

TeleBingo "Алтын күз" науқаны

10 қыркүйекте TeleBingo аясында “Алтын күз" науқаны басталды!

"Алтын күз" – үлкен ұтыстарға жолдамаңыз! 

Небәрі 3 500 теңгеге пәтер ұтып алып, 1 миллион теңгеге 30 мүмкіндікке ие бола аласыз. Сонымен қатар Bingo мен SuperBingo-ның көпмиллиондық ұтыстарына қатысып, басқа да ақшалай сыйлықтарға ұтуға болады. 

2 қарашада науқанның қорытындысы шығып, 30 миллион теңге ойнатылады! Науқанға қатысу үшін билетіңізді міндетті түрде тіркеңіз. Оны sz.kz сайты арқылы немесе барлық сату нүктелерінен тіркеуге болады. 

Күз біткенше үлгеріп қалыңыз – бәлкім, келесі бақытты жеңімпаз сіз боларсыз!

Жарнама құқығында
 

Наргиза Аршидин
Жұма, 26 Қыркүйек, 2025 19:00
Талқылау