Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анам әлі күнге дейін ұялады": Тапқан табысына қанағаттанбаған балқаштық келіншек сваркамен айналысып кетті

Темірден түйін түйген балқаштық келіншек ойын алаңшаларын жасап, тұтынушыларды тәнті етуде. Кәсіпкерлік пен ұсталықты ұштастырып, «нарыққа жаңаша леп әкелем» деген Әдемі Есеншораева ерекше кәсіптің қыр-сырын айтып, Stan.kz тілшісіне сұхбат берді.

Әдемі Ұланқызының негізгі мамандығы – бухгалтер. Екі қызды өсіріп отырған аяулы жар, ибалы келін жоғары оқу орнын бітіріп, жолдасы екеуі саудамен айналысқан. Тапқан табысына қанағаттанбаған келіншек екі жыл бұрын мүлде басқа бағытқа жол салады. Кәсіби білімі болмаса да дәнекерлеу ісін меңгеріп, кәсібіп ашады.

–    Ең алғашқы кәсібіміз – фотосалон болатын. Жолдасыммен соңғы рет жаңа жылдық шырша саттық. Ісіміз дөңгелеп, 10 метрлік шыршаға тапсырыстар түсе бастады. Сварщиктер жалдап жүріп, кейін неге өзім де жасап көрмеске деп қолыма дәнекерлеуші құралды ұстап көрдім. Маған қызық болып, әр жасаған жұмысыма қарап ләззат алдым. Осылай дәнекерлеу ісін меңгердім, - дейді 25 жасар келіншек.

Тағы оқыңыз: "Алғаш рет шын ғашық болдым": Елордада 70-тен асқан қария мүгедек жанға ғашық болып қалған >>>

Әдемінің өткір құралдар мен оттың арасына түсуіне жолдасы қарсы болмаған. Қайта оны демеп, жасаған өнімдерін саудаға шығаруға кірісіп кеткен. Кәсіпкер бұл ісін қыз балаға жат санамайды. Тіпті, еңбектің де ебін таба білген ол әкімдіктен жалға жер алып, арнайы шеберханасын ашқан. «Бизнес бастаудың» арнайы жобасына қатысып, нарық заңдылықтарын игере бастаған Әдемі жолдасымен қат-қат болмаса да, өтімді дүние өндіруге көшкен.

–    Бастапқыда қорқыныш болды. Өйткені өндірісте ең қауіпті инструменттерді қолымызға алып, бірін кезіп, екіншісіне жалғаймыз. Бұл қателікті кешірмейтін сала. Темірді өлшеммен кесіп, сақтықпен біріктіреміз. Қауіпсіздік ережесін жадымыздан шығармаймыз. Екі жылдан бері аудандағы саябақтар мен балалар ойын алаңшаларындағы әткеншек, тағы басқа қажетті дүниелерді жасап жатырмыз. Бала-бабақшаға қажетті өнімдерімізді еліміздің түпкір-түкпіріне жеткізіп беремін. Дайын жұмыстар бар, тапсырыс арқылы жасатуға болады. Жолдасым бұл салаға келуіме қарсы болмады. Ал анам әлі күнге ұялады, сварщик екеніңді ешкімге айтпа дейтін, қазір көз жеткен соң ба дұрыс қабылдайды барлығын, - дейді Әдемі Ұланқызы.

Өз ісін жандандырып отырған еңбек адамының өмірлік арманы асқақ. Күнделікті тапқан несібесі бүтін бір отбасының еркін тұрмыс-тіршілікте ғұмыр кешуіне жеткілікті екенін айтады. Бұйыртса, алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, қызметін жандандыруды қолға алмақ. Сәтін салса балқаштық «сварщик» келіннің өнімі өтімді дүниеге айналғалы тұр.

 

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда 16 жастағы қыз бір аптадан бері іздестіріліп жатыр

Соңғы рет студент қыз ауылына әкесіне баратынын айтқан

Махаббаттары бәріне төзуге дайын: "Ұлы Дала жанұясы" телехикаясы көрерменге жол тартады

Телехикаяны жұмыс күндері сағат 22:05-те "Жетінші арнадан" көріңіздер!

"Еуропаға барғанда "Нұр-Сұлтандағыдай" дейтін болам": Әнші Лолита елордадағы тазалық туралы (видео)

Лолита: Мен осы елдің махаббатын жан-тәніммен сезінемін

Стати Нью-Йоркте Қазақстанға қарсы шағымын қайтарып алды

Стати бұл шағымын 2017 жылдың маусым айында берген

"Өлтіріп кетер еді": БҚО-да браконьерлер қорықшыға оқ жаудырды

Қорықшы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Ақша аударымдары үшін салық өндіріле ме? Қаржы министрі жауап берді

Әлихан Смайылов қазақстандықтардың қолма-қол емес ақша аударымдары туралы түсінік берді

Қазақстандық рак ауруына шалдыққан адамдарға арналған дәрі-дәрімектер Ресейде сатылымда жүр

Бұл жағдайдың тексерілуін денсаулық сақтау министрлігі өз бақылауына алыпты

"Бақылау жоқ": Президент еліміздегі азық-түлік бағасының қымбаттауы туралы айтты

Тоқаев: Халықтың табысын көтеру бойынша жасап жатқан шараларымыз жоққа шығарылады

"Қорқынышты екенін жалқау ғана айтпаған шығар": Тоқаев жыр болған дәретханаларды сынады

Президент туризмнің артта қалуына әсер ететін нақты факторлар барын айтты

Мемлекет басшысы: Менің тапсырмам бойынша жұмыстар өте баяу жүріп жатыр

Президент тапсырмаларын баяу жүзеге асырып жатқан шенеуніктерді сынға алды
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр