Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анализ қорытындылары шықпай жатыр": Дина Төреәлі әпкесінің жағдайын айтты

Қазақ эстрадасының әншісі Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза қатерлі ісікке шалдығып, Түркияда ем алып жатқан болатын. Фаризаның сіңлісі, блогер Дина Төреәлі әпкесінің жағдайын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фариза

Сурет: Фариза Төреәлінің Instagram-парақшасынан

Дина Төреәлі жылы лебіз білдіріп, қолдап жатқан барлық оқырманына алғыс айтты.

"Сіздерге бір шықпасам, өз-өзіме сыйып отыру мүмкін емес болып бара жатқан сияқты. Күндіз-түні келіп жатқан толассыз хаттар, уайымдап шын ниетпен жазып жатқан, дұғада отырған әр оқырманға Алла разы болсын. Бір нақты жауабын күтіп, сіздерден де бетер жанымыз шүберекке түйіліп отырғанына бір аптадай уақыт болыпты. Бәріңіз бір хабар күтіп отырғандарыңызды білемін. Алайда Фаридің анализдерінің жартысы әлі дайын болмады. Соны күтудеміз. Осы жағдай өмірімде орын алған күннен бастап, түйгенім көп. Ішімдегіні айтып бастарымды да білмеймін. Уайымдама деп жазу да, айту да оңай. Бірақ Алламен байланысты дұрыстап, тоқтаусыз дұға еткеннің арқасында жүрек ақырын тыныштық тауып, бір жақсылыққа сенуде", – деп жазды блогер.

Фаризаның денсаулығы сыр беріп, шұғыл түрде Түркия еліне аттанған болатын. 

Арада көп уақыт өтпей, Фариза оқырмандарымен байланысқа шығып, жағдайының жақсы екенін, қатерлі ісікке күдік жоқ екенін айтып, сүйінші сұрады. 

“Елде қауіпті ісік бар екеніне болжам жасаған. Ісік асқазан астында, одан таралып өкпеге кеткен деген. Ешбір маман ештеңе айта алмады. Түркияға келіп ең мықты деген клиника мен дәрігерлерге тексерілдік. Биопсия алдымен ішектен алынды, одан соң операциямен өкпені тексеру үшін кеудені тесті. Алла ұлық, бәрі таза! Әлі шок күйіндемін. Мұны басынан өткізген адамдар ғана шын түсінер. Адам ертеңгі күні өзін не күтіп тұрғанын тіпті біле алмайды. Бірнеше апта ішінде өмірім осылай өзгеріп кететіндігін еш ойламаппын. Алланың ең үлкен хикметінің бірі де осы шығар, маған көп нәрсені ұғындырды! Бәлкім басынан өтпеген адам түсінбес, бірақ мұсылман әрдайым әр күнін “соңғы күн” секілді сүруі керек екен дер едім. Бұл ақиқат”, – деп жазды парақшасына. 

Еске салсақ, қыз-келіншектерге бақытты болудың құпиясын үйретемін деп ақылы сабақ сатып танылған Фариза Төреәлі қатерлі ісікпен ауырып, шет елдің ауруханасында ем қабылдап жатқанын жазған едік.  

Талқылау