Аналары дүкенге кеткен: Ақмола облысында сіріңкемен ойнаған екі бала ажал құшты
Ақмола облысындағы Жаңа Қима ауылында жер үй өртеніп, екі қыз көз жұмды. Бұл кезде аналары дүкенге кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, үйде жалғыз қалған 2017 және 2019 жылы туған бүлдіршіндер сіріңкемен ойнаған. Алайда ойыннан от шығып, үйдегі жиһаз өртене бастады.
Түтінді көрші үйдегі ер адам көріп, балаларды дереу сыртқа алып шыққан. Олар ауылдық ауруханаға жеткізілгенімен, сол жерде улы газдан қайтыс болды.
Өрт болған кезде балалардың анасы дүкенге кеткен. Ал әкесі жұмыста болды.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”