Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аналардың балаларына қатыгездік танытуының басты себебі анықталды

Жапониядағы Фукуя университетінің ғалымдары окситоцин генінің модификациясы (OXT) адам миының құрылымына және белгілі бір жеке қасиеттердің дамуына ғана емес, сонымен бірге аналардың балаларына деген жанашырлығына да әсер ететінін анықтады. 

Ата-ана қатыгездігіне әсер ететін негізгі генетикалық факторды анықтаған зерттеушілердің мақаласы Psychoneuroendocrinology журналында жарияланды.

Зерттеушілер ОХТ генінің метилизациясы (метил топтарының ДНҚ-ға қосылуы), ми құрылымы мен эмпатия арасындағы байланысты зерттеді. Олар кем дегенде бір балаға қамқорлық жасайтын 57 анадан алынған сілекей үлгілерін талдап, метилизация деңгейін анықтады. Сондай-ақ воксельді МРТ морфометриясын қолдана отырып, зерттелушілер миының кейбір аймақтарының мөлшерін зерттеді.

Сонымен қатар, аналарға танымдық және аффективті эмпатия деңгейін анықтау үшін сауалнаманы толтыру ұсынылды.

Танымдық эмпатия басқа адамның эмоциясын интеллектуалды деңгейде түсінуден көрініс табады, бұл оның жағдайға қалай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Ғалымдар мұны "өзіңізді басқа біреудің орнына қою" қабілеті деп түсіндіреді. 

Аффективті эмпатиямен адам инстинктивті түрде біреудің эмоциясын мимика немесе көңіл-күйдің басқа индикаторларын бақылау арқылы сезеді.  Эмпатияның екі түрі де ата-аналардың балаларға деген мінез-құлқына қатты ықпал етеді, бұл өз кезегінде баланың психологиялық дамуына әсерін тигізеді.

Нәтижесінде, ОХТ метилизациясының жоғары деңгейі қатал және қатыгез тәрбиеге ықпал ететіні, сонымен қатар жеке күйзеліспен немесе эмоционалды күйзеліспен байланысатыны анықталды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр