Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ана үйі” қоғамдық қоры онмыңдаған қазақстандық баланы жетім қалдырмай отбасы тәрбиесіне берді

Елімізде "Ана үйі” қоғамдық қоры он мыңдаған баланы жетім қалдырмай, өздері туған немесе қабылдаушы отбасының тәрбиесіне берген. Нәтижесінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілер саны екі есеге азайған. 

Махаббат Ана үйіне келгеннен кейін, жарқын болашаққа деген үміті артқанын айтады. Махаббаттың перзенті – Ана үйінде алғаш жетімдіктен құтқарылған балалардың бірі. Ол қазір 11 жаста. 

"Мен пәтер жалдап тұратынмын. Бірақ бір күні үйді босатсын деп талап қойды. Қолымдағы баламмен далада жалғыз қалдым, баратын жерім жоқ. Сол кезде құрбым Астанада Ана үйі ашылғанын, онда баламен бірге баруға болатынын айтты. Орталықтың барлық қызметкеріне қиын жағдайда көмек көрсетіп, жылулық пен пана бергендері үшін өте ризамын. Қиын жағдайға тап болған аналарға айтарым “үміттеріңізді үзбей, балаларыңыздың жанында болыңыздар. Бала – өмірдің гүлі!" – деді ол. 

Бұл – "Ана үйі" қоғамдық қоры тарапынан алғаш қамқорлыққа алынған аналардың бірінің тарихы. Ол Ана үйін паналап, уақытылы көрсетілген көмектің арқасында ертеңгі күнге деген сенімділікке ие болды. Бұл оның отбасын сақтап қалуына көмектесті.

Махаббат сияқты қиын кезеңде көмекке жүгінген әйелдер саны – шамамен 7000. Сонымен қатар балалар интернат мекемелерінде уақытша тұрып жатқан 1000-ға жуық бала туған отбасыларына қайтарылды. Ал қордың "Ұлттық бала асырап алу агенттігі" жобасының көмегімен 2000 бала қазақстандық отбасыларға орналастырылды. Олардың 204-і – диагнозы бар балалар.

"Біз 11 жыл бойы еліміздегі жетімдікті азайту бойынша нақты шаралар қабылдап келеміз. Қордың жұмысының арқасында 10 мың бала туған немесе қабылдаушы отбасыларда тәрбиеленіп жатыр. Осы уақыттың ішінде балалар үйлеріндегі сәбилер саны екі есе азайды. Шамамен 10 мыңнан 4 225 балаға дейін. Алайда бұл Қазақстандағы жетімдік мәселесін шешу үшін жеткіліксіз. Бүгінде балалар үйлерінде орналастыруы қиын санаттағы жасөспірімдер, диагнозы бар және сиблинг балалар бар. Мәселенің шешімі елімізде балалар үйлеріне балама болатын қабылдаушы кәсіби отбасы институтын енгізу болуы мүмкін. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім сәбилер балалар үйіне түспей, бірден қабылдаушы кәсіби отбасыларға орналастырылуы керек. Бұл – біздің еліміз осы бағытты ұстануға тиіс жалпы әлемдік тәжірибе. Өйткені баланың бақытты мекені – отбасы. Қор бала игілігі мен бала әлемін бақытқа бөлейтін қоғам үшін жұмыс істейді", – деп бөлісті Қор басшысы, Анар Рахимбаева.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, баланың дербес өмірге толық дайындығы тек отбасы қамқорлығында жақсы өтеді. Тек отбасы балаға жанұяның моделі мен құндылығын бере алады. Қазақстандық бизнесмендердің қорының барлық күш-жігері әрбір баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын іске асыруға бағытталған.

Талқылау