"Аң сияқты ұлыған": Павлодарда жалаңаш қыз 6 жасар балаға шабуылдады
Павлодарда жалаңаш қыз 6 жасар балаға шабуылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желіде қала тұрғындарының бірі Затон шағын ауданында болған оқиғаға қатысты ақпарат жариялады.
"Кеше, 27 тамызда психотропты заттың әсерімен жалаңаш қыз менің алты жасар баламның артынан жүгіріп, шабуылдады. Енем баланы алып үлгерген, бірақ ол тоқтамастан жануар сияқты ұлыған. Ата-аналар сақ болыңыздар", – делінген жазбада.
Әйел адам баланың есеңгіреп қалғанын, сол сәтті түсіріп алған жандар болса, видеосын жіберуді сұрайды.
Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті мәлімдеме жасады.
"Әйел адамның жеке тұлғасы анықталды. Аталған фактіге қатысты облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 449-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”