Әмиянын қайтарғаны үшін 50 мың теңге алған астаналық жігіт ол ақшаға Құран кітап сатып алып таратты
Астаналық жігіт Нұрболат Садық көшеден тауып алған 476 мың теңгені иесіне қайтарып берді. Ақша иесі сүйіншісіне 50 мың теңге берген.
Бұл туралы “Өз ойым” бағдарламасында айтылды.
Нұрболат хабарландыру арқылы қолданылған флешка сатып алмақ болып, мекен-жайға бара жатқан жолда әмиян тауып алады. Оның ішінде 476 мың теңге болған. Жігіт оның иесін әздей бастайды.
“Егер қайтарып бермей өзім алсам, күнә болар еді”, – дейді ол.
Ал, әмиян иесі сүйінші ретінде 50 мың теңге қалдырыпты. Нұрболат ол ақшаға Құран кітабын сатып алып, туыстарына таратты.
“Өзім туыстарыма Құран сыйлағым келіп жүрген. Бірақ ақшаның реті келмеді. Ал, 50 мың теңгені алғанда соның мүмкіндігі шығар деп ойладым. 20 мың теңгені аға-жеңгеме бердім. 30 мың теңгеге 6 Құран кітабын сатып алып, туыстарыма тараттым”, – дейді жігіт.
Бағдарлама қонақтары жігіттің әрекетін риза болып, ақ тілегін айтып жатты.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
