Басты жаңалықтар
Америкада Диснейлендтен өрт шығып, адамдар эвакуацияланды (видео)
Американың Орландо қаласында “Walt Disney World” орталығындағы Epcot ойын-сауық саябағынан өрт шықты. Келушілер эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox 35 телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Сенбі күні кешке Уолт Дисней демалыс орталығындағы Epcot саябағының артқы жағынан өрт шығып, айналаны қара түтін басты”, — деп хабарлады жергілікті арна.
Өрт шыққан кезде саябақта көп адам болған. Өйткені Флоридада мектеп оқушылары демалысқа шыққан еді. Саябақтағылар дереу эвакуацияланып, қызыл жалын түгел сөндірілді. Төтенше жағдай кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.
Орталық өкілдерінің айтуынша, өрт бірнеше елге арналған "Әлем витринасы" аймағындағы француз павильонының артынан шыққан. Болжамға сәйкес, тоңазытқыштан ақау пайда болып, өрттің шығуына себеп болған.
Талқылау

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған

"Үреймен көз іліп, қорқынышпен оянады": Ливан мен Сирияда бітімгер болған қазақ қызы жанкешті оқиғасын бөлісті
Ардақ әскери салада қызмет етемін деген қыз-келіншектерге өз армандарынан бас тартпай, бір орында тоқтап қалмау керек екенін айтады