Америка азаматы қазақ тілінде ән айтып, әйелдер қауымын 8 наурызбен құттықтады (видео)
Қазақстандағы АҚШ елшілігінің пресс-атташесі Рэн Эльхай Халықаралық әйелдер күні құрметіне танымал әнші Айқынның «Алтыным» әнінін орындады, деп жазады Stan.kz.

Рэн Эльхай видеожолдауын әлеуметтік желіде жариялады.
“АҚШ-та Халықаралық әйелдер күні аталып өтпейтін. Алайда АҚШ-та сексуалды алымсақтық және әйелдерге жасалатын зорлыққа қарсы акция ұйымдастырылып жатқан кезде, мен үшін бұл жерде аталған мейрамды атап өту өте маңызды. Біз жаман әрекетті елемегенімізді және бір-бірімізге тең қарамағанымызды байқадық”, – деп жазды Эльхай.
Сондай-ақ, ол әйелдер қауымын атаулы мерекесімен қазақ тілінде құттықтады.
“Құрметті ханымдар, халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Армандарыңыз орындалсын!” – дейді Эльхай.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған