Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел 12 жылдан кейін күйеуіне туыс екенін білді

Америкалық тиктокер Марселла Хилл өзінің туысына тұрмысқа шыққанын кездейсоқ білген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі LadBible басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Марселла Хилл Instagram парақшасынан 

Хилл күйеуімен туыстық қатынасы барын 12 жылдан кейін ғана білген. Ол жүкті кезінде баласына ата-әжелерінің бірінің есімін бермек болып, өзінің ата тегін зерттей бастайды. Хилл күйеуіне атасы мен әжесінің атын айтқан кезде жұбайы күтпеген жерден: ""Қызық. Біздің ата-әжелеріміздің есімдері бірдей",- деп таңғалған.

Мәселеге үңіле келе, Хиллдың атасы күйеуінің әжесінің немере ағасы екені анықталды. 

"Содан кейін күйеуім әжесіне, ал мен атама қоңырау шалдым. Біз олардан бір-бірін тани ма екен деп сұрадық. Олар бір-бірін танитын болып шықты. Тіпті бала кезде бірге ойнап, өскен", - дейді ол.  

Десе де ерлі-зайыптылар өздерінің алыс туыс екенін білген. Хилл мен оның күйеуі бір-біріне төртінші ұрпақтағы немере ағасы мен қарындасы болып келеді. Олар бұл жаңалықты жақсы қабылдап, тіпті тиімді жақтары да бар екенін айтып, әзілдеді. Ерлі-зайыпты енді туыстарының отырыстарына екеуі туыс ретінде бірге бара алатынын айтып отыр. 

Ерлі-зайыпты қыздарына үлкен әжесі Мэри Джейн Доллар есімін берді.
 

Талқылау