17 жыл өзіне ұқсас жігіттің кінәсі үшін түрмеде отырған ер адам 1,1 миллион доллар өтемақы сұрады
Ричард Энтони Джонс атты америкалық түрмеде 17 жыл отырған. Бір жыл бұрын ол түрмеден шығып, енді Канзас штатының билігінен 1,1 миллион доллар өтемақы берулерін талап етіп отыр. Өйткені Ричардтің еш кінәсі жоқ және ол өзіне ұқсас жігіттің орнына отырып шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Bigpikcha жазады. 1999 жылы ер адам Walmart дүкенінің артында әйелге шабуыл жасап, оның әмиянін тартып алмақ болған. Бірақ келіншек әмиянін қатты жібермей ұстағандықтан, ұрлықшы оның телефонына жармасқан. Соңында ұры телефонын тартып алған, ал әйел жерге құлап тізесін сырған, осы жағдай ұрлықтың ауыр болып саналуына себеп болған.
Куәгерлер қылмыскерді «Ұзын шашын артқа қайырып қойған америкалық немесе испандық ер адамға ұқсайтын Рик есімді жігіт» деп сипаттаған. Олардың бірі ұрының автокөлігінің нөмерін жазып алған. Осы ақпараттар арқылы көліктің иесі табылып, оны бөлімшеге әкеліп, барлық Ричард пен Рик есімді жігіттердің суретін көрсеткен. Сыбайласы да Джонстың суретін көрсеткен, соңынан құрбан болған әйелде соған белгі берген екен.
Бірақ Джонс ұрлық болған сәтте өзінің құрбысының туған күнін тойлатып жатқан сынды. Мұны бірнеше куәгерлер растады. Алайда сотта бұл дәлел сендірмеді. Сөйтіп, бұрын сотталған Джонсты ауыр түрде ұрлық жасады деген айыппен 19 жылға түрмеге отырғызған. Ол аппеляцияға бергенімен, ұтылып қалады.
2015 жылы Джонсқа түрмеде отырған басқа жігіттер оған қатты ұқсайтын жігіттің де осы түрмеде отырғанын айтады. Және оның есімі Рик. Сонда Джонс кінәсіз сотталғандарға көмек беретін Innocence Project ұйымына өтініш білдіреді. Ұйым мүшелері Рики Амосты табады. Шынымен де олар қатты ұқсас болып шықты, тіпті бойлары мен салмақтары да бірдей екен. Және Амостың өмірбаянындағы көптеген айғақтарға сәйкес қылмыскер сол болып, 2017 жылы Ричардты Innocence Project ұйымы түрмеден босата алды.
Енді Ричард штат билігінен оны кінәсіз деп мойындауын және 1,1 миллион доллар көлемінде өтемақы төлеуін талап етіп отыр.
Естеріңізге салсақ, АҚШ билігі жасамаған қылмысы үшін 17 жыл түрмеде отырған Канзас-Сити қаласының тұрғынын 2017 жылы бостандыққа шығарғаны туралы жазғанбыз.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.