Америкалық балаларының көзінше әйелін өлтіріп, оның басын тоңазытқышқа салып қойған
Америкалық азамат балаларының көзінше әйелінің басын жұлып алып, о дүниелік еткен. Техас штатының соты кінәсін мойындаған қылмыскерді 52 жылға бас бостандығынан айырды.
Бұл туралы америкалық New York Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
24 жастағы Дэвид Даузат жұбайы Наташаның туыстарына қоңырау шалып, әйелін өлтіргенін айтқан. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер бірнеше жерінен жарақаттанған әйел мен денесі қанға малынған ер адамды тапқан.
Қылмыскер әйелді өз үйінде, балаларының көзінше өлтірген. Сәбилердің бірі 1, ал екіншісі 2 жаста екен.
Даузат мерт болған жұбайының басын тоңазытқышқа салып қойған-ды. Даудың неден туындағаны белгісіз.
Жіберіп алмаңыз:
Көп қабатты кеңсенің қабырғасында «асылып қалған» Санта алматылықтарды күлкіге қарық қылды (фото)
Балалы әйелді сәби бөтелкесі үшін ұшаққа кіргізбей қойған
Ник Вуйчич егіз қыздардың әкесі атанды (фото)
Сыныптасын орманға апарып пышақтаған қыз жындыханаға жатқызылады