Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел баласын дәретханада тастап, жан тебірентерлік хат жазып қалдырған (видео)

АҚШ-тың Аризона штатында Тусон әуежайында босанып, сәбиін дәретханада тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр. Сәбидің жанынан анасы жазып қалдырған хат табылған, деп хабарлайды Time басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Сурет: Видеодан кадр/airlive.net

Әуежай қызметкері 14 қаңтардың кешінде дәретханадан сәбиді тауып алған. Ол бірден құтқару қызметін шақырыпты.

«Өтінемін, маған көмектесіңіздерші. Менің анам жүкті екенін білген жоқ. Ол дәрменсіз және маған қамқор болатын жағдайда емес. Өтінемін, маған жақсы үй тауып беруі үшін, мені билік өкілдеріне тапсырыңыздаршы. Мен оның жағдайы жақсы болғанын қалаймын. Өтінемін. Мен қатты өкінемін», – деп жазған хатта анасы.

Сурет: airlive.net

Қазіргі уақытта сәбидің жағдайы қалыпты. Билік сәбиді тастап кеткен анасын табу үшін, әуежайдың бақылау камераларына түсіп қалған видеожазбаларды жариялады.

Оқи отырыңыз:

Аязда үсті-басын қырау басқан оқушы аяқ астынан 450 мың долларға ие болды (видео)

Дәретханада ұзақ отырған қытайлық ер адамның тік ішегі түсіп қалды

Жастай босанған бойжеткен сәбиін аяқ киім қорабына салып, төсек астына тығып кеткен

Сәбидің шығып келе жатқанын сезген әйел аурухана дәлізінде босанып қалды (фото)

Талқылау