Америкалық 9 жасар бала ұрыны ойыншық мылтықпен қорқытты
Оқушы ұрлықшыны ойыншық мылтықпен қорқытып, әкесінің көлігін құтқарып қалды. Бұл туралы UPI хабарлады.
9 жасар Ларри Ларимор әкесі Кевин Куксиді азық-түлік дүкенінің тұрағындағы оталып тұрған көлікте күтіп отырады.
Көлікке 32 жастағы Олли Данн есімді ұры тап берген. Ол жүргізуші жақтағы есікті ашса, қолында мылтығы бар бала шыққан.
“Ұры есікті ашқанда, қатты қорықып кеттім. Қолымдағы мылтықты алып, ұрының басына тақадым”, – дейді бала.
Ол бұдан кейін тұрақтағы келесі Chevrolet Trailblazer көлігін ұрламақшы болды. Ұры кеткен бойда тұраққа Ларридың әкеіс мен Trailblazer көлігінің иесі де келді. Кукси көлік иесіне ұрының артынан қууды ұсынды. Ұрлап кеткен Chevrolet көлігі сол жерден бірнеше қашықтық жерден табылды.
Ұры тұтқындалды. Ол бөгде көліктерді ұрламақшы болғаны үшін айыпталды.
Тағы оқыңыз:
Әуезов театрының басшысы Ерлан Біләл парамен ұсталды (фото)
Баян Мақсатқызының әкесі Қозы мен Баян хикаясын сынағандарға дәлелмен жауап берді
Танымал журналист: Баян біздің ақшамызды алып, үрім-бұтағымен шетелге кетті