Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жігіт байқаусызда өзінің 40 аға-әпкесі бар екенін білді

Лос-Анджелестегі жас жігіт Бен Сандерсон кенеттен өзінің 40 аға-әпкесі бар екенін анықтады. Ерекше жаңалықты естіген ол өз оқиғасын басқаларға бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: People.com

Сандерсонның айтуынша, ол донорлық сперматозоидтардың көмегімен дүниеге келгенін бала кезінен білген. 2023 жылдың мамыр айында  жігіт туыстарын табуды шешіп, бір донордың балалары бір-бірімен кездесуге болатын сперматозоидтар банкінің сайтына тіркелді.

Онда Сандерсон 11 жас үлкен әпкесінің хабарламасын көрді. Екеуі хат алмасқан соң, әйел жігітке оның 17 әпкесі мен 23 ағасы бар екенін айтып, оны 15-імен сөйлесуге қосқан. Сандерсон олардың ішіндегі ең жасы екен. Бір-бірін жақынырақ білу үшін жігіттің туыстары олардың әрқайсысы туралы мәліметтері бар кесте дайындады. 

"Біз бір-біріміздің шекарамызды құрметтейміз. Кейбіреулеріміз бірінші күннен бастап ағайынды болып кеткендей жақындаса түстік. Ал басқалары бір-бірімізге алыс таныстай қарайды", – деп түсіндірді Сандерсон.

Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Ирландияның Ньюкасл қаласында тұратын ұрық доноры 180 баласы болғанына қарамастан жалғыздықтан жабығып жүргенін жаздық. 

Өзін "жалғыз Джо" деп атайтын 52 жастағы ер адам жұбымен бала көтере алмай жүрген немесе жұп таба алмай жүрген әйелдерге ұрығын береді. Ол үшін әйелдермен  жыныстық қатынасқа түседі немесе ұрық доноры болады. Осылайша ол – 180 баланың әкесі. Джо әйелдерге жүкті болуға көмектескенді ұнатса да ол мұндай әрекет екінші жартысын іздеуге кедергі келтіретінін мойындады. 

Талқылау