AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық танымал режиссер Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаев жайлы фильмнің трейлерін таныстырды

Америкалық режиссер Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан туралы жобаның трейлерін таныстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Qazaq. Алтын адамның тарихы" деректі фильм Игорь Лопатенктің кітабына негізделген, Оливер Стоунның Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбатының үзінділерінен тұрады.

Twitter парақшасында Оливер Стоун Италиядан Қазақстанға Қазақстан мен Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильмнің премьерасына жолға шыққанын айтқан.

"Назарбаевты кім десеңіз де, еркіңіз: диктатор, мықты адам, тиран немесе құрылтайшы. Бірақ соңында сіз кеңес империясының күйреуі және елдің тәуелсіздікке, оның ішінде ядролық қарудан бас тартуға өту жайлы пайым жасаған қарапайым адамды көре аласыз... Сондай-ақ Назарбаев Қазақстанның көшпелі тарихы мен Еуразияның технологиялық болашағы туралы айтып береді. Менің ойымша, бұл жарқын болашақ. Шығысқа қарай аттан, жас жігіт (Элвис Преслидің әніне сілтеме-авт.)", – деп бөлісті Оливер Стоун.



Оливер Стоун елбасымен сұхбат құру үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы ұшып келген. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің балалық шағын, КСРО-ның күйрегенін, Семей сынақ полигонын еске алып, Қазақстанның рөлін, сондай-ақ Алтын адамның тарихын түсіндіреді.

"Біз материктің ортасында тұрмыз, бұл жерге бәрі қызығады", – дейді Нұрсұлтан Назарбаев фильмнің үзіндісінде.

Айта кетейік, Оливер Стоун – америкалық режиссер, сценарист және продюсер. “Оскар” сыйлығының үш дүркін  иегері. Оның танымал “Уолл-Стрит", "Каждое воскресенье", "Александр", "Прирожденные убийцы" фильмдері бар.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр