Америкалық коронавирусқа қарсы вакцинаның мүмкін құны белгілі болды
Америкалық Moderna компаниясы әзірлейтін коронавирусқа қарсы вакцинаның құны бір курсқа шамамен 50-60 долларды құрауы мүмкін. Бұл туралы Financial Times компанияның әлеуетті сатып алушылармен жүргізілген келіссөздер туралы білетін дереккөздерге сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мұндай баға вакцинаны ел ішінде сату, сондай-ақ халықтың табысы жоғары елдерге экспорттау үшін белгіленуі мүмкін. Сонымен қатар, препаратты әзірлеумен айналысатын басқа компаниялар өз өнімдерінің құнын арзанырақ бағалады. Атап айтқанда, Pfizer және BioNTtech бір доза үшін 19,5 доллар, ал AstraZeneca 3-4 доллар сұрады.
Басылым дереккөздерінің бірінің хабарлауынша, Moderna компаниясының бағасы өнімді сатып алу туралы келіссөздер жүргізуді қиындатады, өйткені басқа өндірушілер бағаны едәуір төмендетеміз деп уәде берген. Дегенмен, вакцинаның бағасы әлі нақты белгіленбеген.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ