Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Америкалық ғалымдар ешкім көрмеген "жаңа түс" ашқанын мәлімдеді

Фото: freepik.com

Америкалық ғалымдар жаңа түс ашқанын мәлімдеді. Оны жай көзбен көру мүмкін емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-дің орыс қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл түсті анықтау үшін ғалымдар сынаққа қатысушылар көзіне лазер импульстерін бағыттаған.

Көздің торлы қабығының кейбір жасушаларын ынталандырған кезде қатысушылар көк-жасыл реңк көргенін айтқан, ғалымдар ол түсті "оло" деп атаған.

Зерттеу нәтижелері Science Advances журналында жарияланды. Авторлардың бірі, Калифорния университетінің профессоры Рен Энг мұны “тамаша жаңалық” деп атады.

“Бұл реңк “олоға” өте ұқсас, бірақ оған қарағанда қанықтау”, – дейді жаңа түсті өз көзімен көргендердің бірі.

Ғалымдар бұл жаңалық дальтонизм саласында біршама зерттеулер жүргізуге ықпал ететінін айтып отыр.

Сынаққа қатысқан бес адамның бірі – профессор Энг “оло” шын өмірде көзге көрінетін түстерге қарағанда қанық екенін айтады.

“Елестетіңізші, өмір бойы тек қызғылт түсті, қызғылт түстің жұмсақ реңкін көріп жүрсіз. Күндердің күнінде кеңседен өте ашық қызғылт түсті киім киіп отырған адамды көріп қалдыңыз делік. Ол мұның жаңа түс екенін айтып, оны “қызыл” деп атайды”, – дейді ол.

Сынақ кезінде зерттеушілер тобы әр қатысушының бір көзінің қарашығына лазер сәулесін бағыттаған.

Зерттеуге бес ерікті – төрт ер адам мен бір әйел қатысқан. Профессор Энгті қосқанда үш адам ғылыми зерттеудің авторы атанып отыр.

Зерттеу айнадан, лазерлер мен оптикалық бөлшектерден тұратын Oz деп аталатын құрылғы көмегімен жүргізілген. Құрылғыны Берклидегі Калифорния университеті және Вашингтон университетінен жасақталған ғылыми топ әзірлеген, кейін оны осы сынаққа бейімдеген. 

Көздің торлы қабығы дегеніміз – визуалды ақпаратты қабылдауға және өңдеуге жауап беретін көздің артқы жағындағы тіннің жарыққа сезімтал қабаты.

Көздің торлы қабығында түсті қабылдауға жауапты жасушалар бар.

Адамның көзінде мұндай құтытәрізд жасушаның үш түрі бар: S, L және M - олардың әрқайсысы жарық толқынының әртүрлі ұзындығына сезімтал: сәйксінше, көкке, қылызға және жасылға.

Зерттеуден мәлім болғаны, көз қалыпты көрген жағдайда, “М типіндегі жасушаны ынталандыратын көршілес L және S жасушаларын ынталандырады. Өйткені олардың қызметі жартылай жабылады.

Алайда бұл зерттеуде лазер М жасушаларын  ғана ынталандырған. Сол арқылы миға табиғи көру кезінде тумайтын түс сигналын жіберген. 

Бұл дегеніміз “оло” түсін арнайы ынталандырусыз жай көзбен көру мүмкін емес екенін білдіреді.

Тәжірибе кезінде байқалған түсті растау үшін әрбір қатысушы түс дөңгелегін жаңа реңк “оломен” сәйкес келгенге дейін бағыттаған.

Зерттеуге қатыспаған Лондондағы City St George's университетінің маманы, профессор Джон Барбур бұл жұмыс селективті жасушаларды ынталандырудағы "технологиялық прогресс" болғанымен, әлі де "даулы" екенін айтты.

Оның түсіндіруінше, егер құтытәрізді қызыл жасушаларды (L) ынталандыратын болса, адам “қою қызыл түсті” қабылдайды, алайда оның жарығы қызыл түске сезімталдыққа қарай өзгереді, яғни зерттеуде болған жайтқа келеді.

Ал профессор Энг техникалық тұрғыдан алғанда “олоны” көру өте қиын екенін айтады. Ғалымдар тобы мұның түстерді ажыратуда қиындыққа тап болатын адамдарға қандай әсері бар екенін түсіну үшін зерттеуді жалғастыра бермек.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 21 Сәуір, 2025 15:18
Талқылау