Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық боксшы GGG-дің Даңқ залына енуіне қарсы пікір білдірді

Головкин қарсыластарыФото: Getty Images Sport

Америкалық боксшы Райан Гарсия қазақстандық Геннадий Головкиннің Бокс даңқ залына енгізілуіне күмән келтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тегі мексикалық 26 жастағы спортшының пікірінше, Головкин бұл мәртебеге әлі лайық емес.

"GGG-дің ұлы жеңістері болмаған деп ойлаймын. Ол кімдерді жеңді? Әрине, өз уақытында ол бокстың басты жұлдыздарының бірі болды және ұзақ жылдар бойы жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бірақ мен оны әзірге Даңқ залында көріп тұрған жоқпын", — деді Гарсия EssentiallySports басылымына.

Бұған дейін Қарағанды тумасы Геннадий Головкин Бокс даңқ залының "Қазіргі дәуірдегі ерлер" санаты бойынша номинацияға ұсынылған болатын.

Головкиннің соңғы жекпе-жегі 2022 жылдың қыркүйегінде өткен. Ол кезде қазақстандық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен трилогияның үшінші кездесуінде төрешілер шешімімен жеңіліп қалған. Ал 2017 жылғы алғашқы жекпе-жек тең нәтижемен аяқталса, 2018 жылы екінші кездесуде де жеңіс Альвареске бұйырған.

Райан Гарсияның өзі 2025 жылдың мамыр айында америкалық Роландо Ромеромен WBA чемпионы атағы үшін кездесіп, 12 раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңіліс тапқан.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 07 Қазан, 2025 21:35
Талқылау