AAPL
146.95 $
-0.28 %
TSLA
710.92 $
0.17 %
NDAQ
189.36 $
0.37 %
GOOGL
2702.51 $
-0.37 %
FB
358.92 $
2.19 %
FRHC
63.77 $
-0.08 %
AAPL
146.95 $
-0.28 %
TSLA
710.92 $
0.17 %
NDAQ
189.36 $
0.37 %
GOOGL
2702.51 $
-0.37 %
FB
358.92 $
2.19 %
FRHC
63.77 $
-0.08 %

Америкалық азамат бір түнде триллионер атанды

АҚШ-тың Джорджия штатының тұрғыны Крис Уильямсон бір түнде криптоквалюталық салымдардың арқасында триллионер атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Fox Business басылымының жазуынша,  Уильямсон Rocket Bunny деп аталатын криптовалютаға 20 доллар салған. Жақында ол шотты тексеріп, долларлық триллионер болғанын білген.

"Мен төсектен құлап түстім. Содан кейін досыма қоңырау шалып, маған мұның бәрін қалай бірден сатуға болатынын түсіндіруін сұрадым", – деді Уильямсон басылымға берген сұхбатында.

Ер адам криптовалютаны басқа шотқа аударуға тырысты, бірақ бұл жағдайда сома мүлдем басқаша болады.

Жағдайды нақтылау үшін Уильямсон Coinbase криптовалютасын сатып алу және сату алаңының қолдау қызметіне жүгінді, онда қазіргі уақытта бұл мәселені зерттеп жатқанын айтты. Ол Rocket Bunny әзірлеушісіне де жүгінді, бірақ жауап алған жоқ. Байлық иесі тіпті Илон Маскқа хат жазды, ол бір нәрсені түсіндіре алады деп үміттенді.

"Барлық жағдайларға қарап отырып, бұл соманы ешқашан ала алмайтыныңды түсінесің", – деді Крис Уильямсон.

Қазір керемет сомасы бар шот бұғатталған, сондықтан ер адам одан ақша ала алмайды.

Уильямсон егер ақшаны ала алса, адамдарға, ең алдымен туыстарына көмектесетінін айтады.

Басылым жаңа триллионердің досы да осы криптовалютаны сатып алғанын, бірақ оның есебінде айтарлықтай сома пайда болмағанын атап өтті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр